Мамытбаева жанат абдиманаповна


Жоба бойынша жұмыс тәсілдері



Pdf көрінісі
бет35/93
Дата03.12.2023
өлшемі10,53 Mb.
#133715
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   93
Байланысты:
20.4.2023-0dis

Жоба бойынша жұмыс тәсілдері
 


80 
ғылыми-зерттеулер арқылы дамытуды және оқытуды үйретеді. Атап өтсек: 
мектеп жасына дейінгі балаларға пішіндер мен өлшемдерге, түрлі түстер 
ұғымдарын түсінуіне оңайырақ болуы; сандар мен көп-аз ұғымдарын тереңірек 
түсінеді; жазықтық пен кеңістікті бағдарлауда шарлау қабілетіне тезірек ие 
болады; өздерінің ізденістері мен есте сақтау қабілетін жаттықтырады; оқуды 
және жазуды ертерек үйренеді; сөздік қорын белсенді түрде толықтыруда; ұсақ 
моториканы дамытады және көз қозғалысының ең жақсы үйлестірілуі 
қалыптасады; мақсат пен зейін танымдық қабілеті мен сезімі тәрбиеленеді; қиял 
мен шығармашылық қабілеттер дамиды; көрнекі-бейнелі және теориялық ойлау 
элементтері дамитындығы мәлім.
Х.Шерьязданова «Мектепке дейінгі білім беру саласындағы педагогтар мен 
психологтарды кәсіби дайындаудың психологиялық негіздері» зерттеуінде 
мектеп жасына дейінгі баланың жеке тұлғалық қасиетінің дамуы мен қабылдау 
қабілеті, 
танымдық 
педагогикалық–психологиялық 
дүниетанымын 
қарастыраған [224].
Сондықтан да, болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогі жобаның 
материалдарын әзірлеу бағдарламасын жасау балалардың жұмыс істей алуы 
қабілетінің деңгейін анықтау, қолданатын материалдар баланың орындай алу 
мүмкіндігі, оқу танымдық, психикалық дамуына пайдалы және оның 
денсаулығына зиян тигізбеуі керек. Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогінің 
зерттеушілік іс-әрекетінің жоғары болуы, ақпаратты табуы, талдау жүргізуі, 
ақпараттық материалды іріктеу, өңдеу, алынған деректерді мектепке дейінгі 
білім беру ұйымындағы кәсіби қызметінде қолдану қабілетін қамтитын кәсіби 
зерттеушілік іс-әрекетінің бөлігі болып табылады. Қазіргі білім беру 
ортасындағы жобалап оқыту технологиясының рөлі мен олардың 
мүмкіндіктерін игеру негізінде педагогикалық қызметтің тұтас көрінісін 
қалыптастыра отырып, болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің
зерттеушілік іс-әрекетін дамытуға ықпал ету, педагогикалық міндеттерді шешу 
және оларды қолдану. Жобалап оқыту технологиясы болашақ педагогтің 
интеллектуалдылық қабілетін дамытуға мүмкіндік ашады. Мысалы, Е.С.Полат 
«Интеллектуалдылыққа 
қолданатын 
жобалап 
оқыту 
технологиясы 
проблеманының дидактикалық мақсатқа жетудің тәсілі, ол нақты, практикалық 
нәтижемен аяқталуы керек», - деп тұжырым жасаған. Проблеманы шешу үшін 
белгілі бір ретпен әдістер мен тәсілдердің жиынтығында мәселені шешу, 
мектеп жасына дейінгі балалар үшін жеке маңызды және белгілі бір түпкілікті 
өнім түрінде жасалады [143,с. 16].
Мектеп жасына дейінгі балалардың әртүрлі 
ұйымдастырылған іс-әрекеттерді пәндік саласында білімдерін біріктіруді қажет 
ететін, практикалық мәселелерді шешу барысында білімді өздері алуына 
мүмкіндік беруге арналған жобалап оқыту технологиясының нәтижесі 
айтарлықтай көрініс берді. 
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің жобалап оқыту 
технологиясы арқылы зерттеушілік іс-әрекетін дамытудың мазмұнын 
ғалымдардың зерттеулеріне сүйене отырып қорытындылай алдық.


81 
1. Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің жобалық қызметінің оқу 
міндетіне бағытталуын іске асыру, яғни мотивациялық-құндылық бағдарын 
құру. 
2. Теориялық материалды зерттеу және игеру, дағдыларды қалыптастыру 
мен бекітуге арналған практикалық тапсырмаларды орындау арқылы оқу пәнін 
оқыту шеңберінде жүзеге асыру. 
3. Мәселені шешудің интеллектуалды және практикалық процедураларын 
жүзеге асыру өндірістік педагогикалық практикада нақты қызмет үдерісінде 
және болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің жеке жобалық қызметінде 
қолдану. 
4. Оқу тапсырмасының дұрыс орындалуын бақылау диагностикасы және 
коррекция рефлексивті қызметі арқылы өзін-өзі бағалау және сараптамалық 
бағалау арқылы жүзеге асыру. 
Біз әзірлеген болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің жобалап 
оқыту технологиясы арқылы зерттеушілік іс-әрекетін дамытудың мазмұнын іске 
асырудың нәтижесі болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің дайындық 
деңгейін арттыру болып табылады. Осылайша, білім алушылардың
зерттеушілік іс-әрекетін жобалап оқыту технологиясы арқылы зерттеушілік іс-
әрекетке дайындауда білім алушылардың мүдделері өзін-өзі жүзеге асыруға 
ықпал етеді, зерттеушілік іс-әрекетке және жобалау сияқты маңызды кәсіби 
дағдыларды алуға деген ынта мен қызығушылық деңгейін арттырады, кәсіби 
қызмет және оның өзгеруінің салдарын болжау, оқытуда, өзін-өзі 
ұйымдастыруға тәрбиелеуде, білім беру мәдениеті мен оқу үдерісінде басқару 
мәдениетін педагог тарапынан өзгертуге практикалық жетістіктерге жетуге 
бағыттайды және кәсіби-тұлғалық өсуге алып келеді. 
Ойымызды жинақтай келе, болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің 
зерттеушілік іс-әрекетін жобалап оқыту технологиясы арқылы дамытудың 
құрылымы мен мазмұнын анықтау барысында білім алушының өз бетімен әрі 
үздік араласуға бағдарланған жалпы қабілеттілігі, оның оқуы және әлеуметтенуі 
барысында алған білімдері мен тәжірибесіне негізделген іс-әрекетке 
дайындығынан көрініс беретін кіріктірілген сапа түзіледі деген қорытынды 
жасағымыз келеді.Келесі параграфта болашақ мектепке дейінгі ұйым 
педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін жобалап оқыту технологиясы арқылы 
дамытудың әлеуеті зерделенеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет