74
басталады).
–
Жүйелеу
(жинаған материалды жүйелеу, біріктіру, жіктеу).
–
Қорыту
(мәліметтерін топтап қорыту).
– Жобалау қызметі бірнеше топтарға бөлінеді:
–
Жобалық топ:
жобалық команда болашақ мектепке дейінгі ұйым
педагогтерінің немесе білім беру жобаларына тікелей қатысатын негізгі адамдар
шеңбері ретінде анықталады. Бұл шеңбер ішінде кемелді түрде жобаның жүзеге
асырылуын қамтамасыз ететін жауапкершілік аймақтары ұйымдасып бекітіледі.
–
Пилоттық топ
: жоба логикасында пилоттық (сындық,
эксперименталдық) жүзеге асыратын қатысушылар тобы. Бұл топқа
белгісіздік жағдайда іс-әрекет ете алатын дәйекті, қауіпке баруға бейім кәсіби
мамандар таңдап алынады.
–
Тьюторлар тобы:
басқаларға білім мен тәжірибені үйрету мақсатында
оқуда ілгері топ мүшелері, кейде олар қосымша өздерінің құрдастарына
қатысты әдістемелік қызмет атқарады.
Жобалау 4 кезеңнен (төмендегі кестеде)
тұрады.
–
Жобалауға дейінгі кезеңі.
Кезеңнің ішкі процедурасы: зерттеу, мәселелік,
концептуалды, бағытталуы, бағалы-мағыналы өзіндік анықтау;
–
Достарыңызбен бөлісу: