Мамытбаева жанат абдиманаповна



Pdf көрінісі
бет38/93
Дата03.12.2023
өлшемі10,53 Mb.
#133715
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   93
Байланысты:
20.4.2023-0dis

тұлғалық әлеуеті
- бұл 
қоғамдағы өз орнын, басқа адамдар арасындағы позициясын анықтайтын 
Тұлғалық 
Зияткерлік
Шығармашылық 


94 
қоғамның мүшесі ретінде тұлғаны сипаттайтын әлеуметтік маңызды 
белгілердің тұрақты жүйесі.
Тәрбиешінің тұлғасы тәрбиеде маңызды рөл атқарады. Тәрбиенің 
тиімділігіне тәрбиеші оқу үдерісіне мұқият қарағанда, оны үнемі талдап, дұрыс 
қорытынды жасаған кезде қол жеткізеді. Кәсіби білім беруді реформалаудың 
мәні маманның жеке басын қалыптастыру (жеке аспект), алынған білімнің 
мазмұны мен құрылымына өзгерістер енгізу (мазмұндық аспект), мінез-
құлықты өзін-өзі реттеу тәсілдерін оқыту және алған білімдерін стандартты 
шығармашылық кәсіби міндеттерді (технологиялық аспект) шешуде 
практикалық іс-әрекетке айналдыру тұрғысынан қарастырылуы керек. 
Тұлғалық әлеуетті кәсібилендіру, оны кәсіптік-педагогикалық әлеуетке 
айналдыру педагогикалық жоғары оқу орындарында маман даярлау үдерісінде 
қалыптастыру және жинақтау кезеңдерінен өтеді.
Зияткерлік әлеует
- болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерін кәсіби 
даярлаудың ажырамас және қажетті бөлігі. Білім алушы маман ретінде бірінші 
кезекте өзін зияткерлік әлеует арқылы жүзеге асыра алады, маманның 
қалыптасу кезеңінде және оның кәсіби қызметін орындауында неғұрлым 
серпінді дамығанына қарамастан, жинақталған зияткерлік әлеуетті өзектендіру 
және оны одан әрі дамытуы мүмкін.
 
Қазіргі білім тек алған білімдерін жаттап қана қоймай, сонымен қатар 
ақпаратты өзі алу, оны түсіну, онымен жұмыс істеу қабілетін талап етеді.
Білім 
беруде болып жатқан өзгерістерді және балалардың дайындық деңгейіне 
қойылатын жаңа талаптардың пайда болуын ескере отырып, білім беру 
ұйымдары зияткер тұлғаның дамуына жағдай жасайды.
Жоғарыда 
айтылғандарға сүйене отырып болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогінің 
зияткерлік дамуы бүгінгі күні бірінші орында және білім беру үдерісінің негізгі 
факторларының бірі болмақ дегіміз келеді.
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогінің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет