Мамытбаева жанат абдиманаповна



Pdf көрінісі
бет33/93
Дата03.12.2023
өлшемі10,53 Mb.
#133715
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   93
Байланысты:
20.4.2023-0dis

Жобалық оқытудың артықшылықтары: 
– Әлеуметтік ортадағы мәселе: Жоба оқу үдерісінде көптеген туындайтын
сұраққа тікелей жауап алады, мәселелерді шешу тәжірибесін алады. 

Кешенді тәсіл.
Жобаны орындау барысында білім алушы зерттеулер 
жүргізеді, әртүрлі ақпарат жинайды және бар білім мен дағдылардын 


78 
қолданады.
 

Ойлауды дамыту.
Жоба жоспарын құра отырып, білім алушы логиканы,
сыни тұрғыдан ойлауды және өз көзқарастарын ұсыну қабілетін дамытады. 

Қызығушылықты таныту.
Жобалап оқытудың мақсаты-білім алушыны
педагогтерге тексеруге ыңғайлы мәселелерді шешуге үйрету емес, зерттелетін 
тақырыпқа қызығушылық таныту. 

Мотивациялық.
Жобалап оқыту білім алушының өзін дәлелдеуге деген
табиғи ұмтылысын қамтиды. Білім алушылардың «шынайы» өнім жасауға 
мүмкіндігі болған кезде, өнімді соңына дейін жеткізіп, басқалардан жақсырақ 
істеуге қызығушылық танытады. 
Өзін-өзі көрсету.
Жобалау жұмысы білім алушының шешімін таңдауға 
шектемейді, дұрыс жауаптар да жоқ болса да, бастысы нәтиже мақсатқа сәйкес 
келеді. Сондықтан, жобада шығармашылық үшін үлкен орын алады орындалған 
жұмыс ерекше назар аударуға тұрарлық. Бұл білім алушылардың қиялды 
қолдануға және стандартты емес шешімдерді табуға ынталандырады. 
Пәндердің интеграциялануы.
Жоба бойынша жұмыс әртүрлі оқу 
пәндерінен алынған ақпаратты қамтиды.
Тиімділік. 
Жобалап оқыту арқылы білім алушылар дағдыларды игеріп қана 
қоймай, пайдалы өнім немесе прецентациялық жұмыстарын жасауға мүмкіндік 
береді.
Мысалы, білім алушылар жоғары оқу орнына арналған жарнамалық 
брошюраны жасай алады, оқу орындарының жобасын жасай алады нәтижеге 
қол жеткізеді. 
Қарым-қатынас
. Жоба бойынша бірлескен жұмыс ұжымды біріктіруге, 
білім алушыларды командада жұмыс істеуге, міндеттерді бөлуге, көшбасшылар 
мен орындаушылардың рөлдерін орындауға және бір-бірін тыңдауға үйретуге 
көмектеседі. 
Педагогтер білім алушыларға негізделген тәсілдер. 
Жоспарлау, зерттеу 
және шарықтау шегін қамтитын үш сатылы үдерісті жеңілдету білім 
алушыларды нәтижеге жетуге бағыттау жеке білім алушылар немесе шағын 
топтарға жобаның олар үшін ерекше қызығушылық тудыратын аспектілерін 
зерттеуге мүмкіндік беру,
 
білім алушыларға өз жобаларын құру және тарату 
үшін қолданылатын құрал туралы келіссөздер жүргізуге мүмкіндік береді.
 
Білім алушыларға негізделген тәсілдері.
Зерттеу материалдарымен, соның 
ішінде түпнұсқа заттармен, кітаптар, журналдар, газеттер, музыка және веб-
сайттармен өзара әрекеттесу, жобаға балама және шығармашылық тәсілдерді 
ұсыну, берілген көздерден ақпарат немесе суреттер жинақтау;
 
ақпараттық және 
коммуникациялық 
технологияларды 
қарапайым 
шешімдерді, 
модификацияларды немесе деректерді ұсынуды құрудың шығармашылық 
құралы ретінде пайдалану,
 
жобаны тыңдаушылар жобаның нәтижесіне 
қанағаттанды ма, жоқ па, соны анықтау.
 
Қазақстандық зерттеуші Л.Е.Румянцева [81,с. 6] «Мектеп жасына дейінгі 
балаларда инновациялық технологиялар негізінде оқытуға дайындауды 
жетілдіру» еңбегінде «Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу 


79 
үшін түрлі жолдар мен құралдар қолданылуда», - деген пікір айтады. Ғалым 
мектепке дейінгі білім берудегі технологияны практика жүзінде жүзеге асыруды 
жөн көрді [81,с. 113]. Практика барысында білім алушылар өзіндік жұмыстан 
бөлек зерттеушілік іс-әрекетін дамыту мақсатында мектепке дейінгі ұйымда 
жүргізілетін практикалық тәжірбие жұмысы барысында жүзеге асыратын 
жобалап оқыту технологиясының тәсілдерін қолдана алады (сурет 7).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет