100
зерттеушілік қабілеті, зерттеушілік икемділігі, жобалық тапсырмаларды сауатты
қалыптастыру мақсатындағы зерттеушілік іс-әрекетке икемділігі, теориялық
білімді іске асыру әрекеті, педагогикалық технология мен педагогикалық
техниканы игеру дағдысы, шешім қабылдаудағы дербестігі, жобаны
орындаудағы зерттеушілік біліктілігі, зерттеушілік іс-әрекеттегі нәтижесі
сипатталады.
Осы тұста болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогінің жобалап оқыту
технологиясы арқылы зерттеушілік іс-әрекетін дамытудың бағдарлары
айқындалады. Таңдап алған мамандығына деген құнды қатынастарының
жиынтығы маманның кәсіби, азаматтық, жеке бағдарларын қалыптастырады.
Ғалымдардың педагогикалық идеяларын талдай отырып (В.А.Болотов,
С.А.Зайцева, Л.В.Иванова, В.Я.Ляудис, Н.В.Матяш, П.В.Смирнов және т. б.)
біз болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогінің жобалап оқыту технологиясы
арқылы зерттеушілік іс-әрекетін дамытудың компоненттерін – мотивациялық,
когнитивтік, іс-әрекеттік, рефлексивтік деп анықтадық.
Достарыңызбен бөлісу: