99
Одан төмендегідей міндеттер туындайды: болашақ мектепке дейінгі ұйым
педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін жобалап оқыту технологиясы арқылы
дамыту саласындағы білім жүйесін меңгерту; білім алушыларды зерттеушілік
әрекетке даярлау, сараптама жасауға даярлау; білім алушылардың
рефлексивтік қабілетін дамыту.
Қазіргі болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогі білім беруді реформалау
үдерісінде шешуші тұлға бола отырып, жоғары біліктілікке, тиісті жеке
қасиеттерге ие болуы керек, ұтқыр болуы қажет, стандартты емес жағдайларға
бейімделе алуы тиіс, шешім қабылдауда жауапты болуы керек. Педагогтің
кәсіби стандартының талаптарына сәйкес оның кәсіби қызметінің маңызды
салаларының бірі-өз қызметін жобалауды ұйымдастыру және білім
алушылардың жобалау қызметін басқаруға дайын болуы маңызды [226,с. 5].
Алайда, ЖОО түлегіне бірден мектепке дейінгі ұйымдарда мектеп жасына
дейінгі балалардың жобалық әрекетін ұйымдастыру кейде қиынға соғып
жатады. Сондықтан, университеттегі білім бағдарламасының міндеттерінің бірі
болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің теориялық және практикалық
деңгейде жобалап оқыту технологиясын игеруіне жағдай жасау болып
табылады.
Өздеріңіз білетіндей, жобалап оқыту технологиясы арқылы зерттеушілік
қабілет іс-әрекетте қалыптасады және дамиды, әрқашан болашақ мектепке
дейінгі ұйым құндылықтарымен ажырамас бірлікте көрінеді. Жобалап оқыту
технологиясы арқылы зерттеушілік іс-әрекетті дамыту үшін білім алушыларды
жобалық іс-әрекетке тарту, оларда осы іс-әрекеттің тәжірибесін қалыптастыру
қажет, оны игеруге оқу пәндері, педагогикалық практика, ЖОО-да жоспарлы
ұйымдастырылған тәрбие және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарлануы тиіс.
Осы тұжырымдардың барлығы болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогінің
зерттеушілік іс-әрекетін жобалап оқыту технологиясы арқылы дамытуды
модельдеуге негіз болды.
Демек модельдеу дайындалған зерттеу нысанының түпнұсқа моделі деп
аталады. Модельдеу әдістемесі танымның көрінісі мен объектісін саналы
талдаудың белгілі түрі болып табылады (сурет 10).
Достарыңызбен бөлісу: