Мамытбаева жанат абдиманаповна



Pdf көрінісі
бет42/93
Дата03.12.2023
өлшемі10,53 Mb.
#133715
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   93
Байланысты:
20.4.2023-0dis

Мотивациялық
компоненті
білім алушының жобалау және зерттеу 
қызметіне деген көзқарасын көрсетеді және оның өз жобаларын орындауға, 
ұжымдық жобаларға қатысуға, білім алушылардың жобалық қызметіне 
басшылық етуге деген ұмтылысы мен дайындығында көрінеді. Болашақ 
мектепке 
дейінгі 
ұйым 
педагогінің 
жобалық 
іс-әрекетке 
деген 
қызығушылығының, білімге деген қажеттіліктің болуы, білім алушылармен 
өзара әрекеттесуді ұйымдастырудың әдістерін игеру, педагогикалық 
университетте жобалау мен зерттеушілік іс-әрекетінің тәжірибесін алуға 
ұмтылу арқылы байқалады. Бұл компонентте болашақ мектепке дейінгі ұйым 
педагогінің педагогикалық көрсеткіштері айқын. Болашақ мектепке дейінгі 
ұйым педагогінің мотивациялық компоненті болашақ маманның зерттеушілік 
іс-әрекеті, зерттеушілік білімі, болашақ кәсіби қызметіндегі әлеуметтік 
жауапкершіліктермен байланысты. Бұл болашақ мектепке дейінгі ұйым 
педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекеті бағытының мазмұнын анықтайды.
Мотивацияның іс-әрекетке байланыстылығын іс-әрекеттегі мақсаттың пайда
болуымен қарастырады. Іс-әрекеттегі мақсаттың пайда болу мәселесі ішкі 
психологиялық өзара байланыстарға тәуелді болады.
Өзара байланыстың 
қүрылымынан мағыналы және мақсатты мотивтер пайда болады. Оқу-тәрбие 
үдерісінде білім алушылардың бойында зерттеушілік іс-әрекетті дамыту 
мақсатына жету үшін оқу-тәрбие үдерісінің білім алушы тұлғасына бағытталуы, 
олардың әлеуметтік және психологиялық ерекшеліктерінің сәйкестендірілуі 
және мақсаттың айқындылығы мен нақтылығын, дәлдігін ұстану қажеттігін 
сезінуі. 
Когнитивті компонент
жобалап оқыту технологиясы арқылы дамитын 
зерттеушілік 
іс-әрекеттің 
табиғатының 
психологиялық-педагогикалық 
негіздерін және оны тұлғаның жасына, жеке ерекшеліктеріне сәйкес басқарудың 
әдістерін білуге негізделген. Когнитивті компонент білім алушылардың жобалау 
қызметін модельдеу және қолдау заңдылықтарын білу арқылы, жобалау 


101 
қызметін ұйымдастыру технологияларын практикалық қолдануда, мектеп 
жасына дейінгі балалардың жетістіктерін бақылау мен бағалауды олардың 
қызметінің нәтижелері арқылы ұйымдастыру қабілетінде көрініс береді. 
Жобалап оқыту технологиясы негізінде зерттеушілік іс-әрекетті дамытуда 
білім алушылар теориялық және әдістемелік ерекшеліктерімен «Жобалау 
әрекетінің негіздері», «Мектепке дейінгі білім берудегі инновациялық 
технологиялар», «Мектепке дейінгі ұйымның дамытушы ортасын жобалау» 
пәндері аясында және біз даярлаған «Жобалап оқыту технологиялары негізінде 
зерттеушілік іс-әрекетті дамыту» атты элективті курс негізінде танысуға 
мүмкіндік алды. 
Сонымен қатар, практикалық дайындық жобалармен жұмыс істеуді, 
оларды әртүрлі пәндердің практикалық және семинарлық сабақтарында, әртүрлі 
деңгейдегі конференцияларда қорғауды, оқу жылы ішінде жалпы білім беру 
ұйымдарындағы педагогикалық практика шеңберіндегі білім алушылардың 
жобалық қызметіне және балаларды сауықтыруды қамтиды. 
«Жобалап оқыту технологиялары негізінде зерттеушілік іс-әрекетті 
дамыту» элективтік курсы жобалап оқыту технологиясы арқылы зерттеушілік 
іс-әрекетті дамытуда үлкен әлеуетке ие, бұл педагогикалық жағдайларды 
модельдеу, педагогикалық қызметтің әртүрлі формаларын құру, педагогикалық 
қызметтің әртүрлі модельдерінде жобалық тапсырмаларды орындау, жобалау 
мен болжаудың психологиялық-педагогикалық әдістерін зерттеу дағдыларын 
дамытуға мүмкіндік береді. 
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде болашақ 
мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін жобалап оқыту 
технологиясы арқылы дамытуға Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік 
педагогика кафедрасында ұйымдастырылған «Мен зерттеушімін» ғылыми 
үйірмесінің қызметі ықпал етеді. Үйірмедегі сабақтар білім алушыларды 
жобалау қызметіне енуге, оларды жобалау саласындағы теориялық білім мен 
практикалық дағдыларды игеруге тартуға бағытталған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет