156
Жарнама айлалары
Жарнама сипаттамасы мен қулығын зерттеу Сіз үшін
критикалық ойлап, біршама зерек сатып алушы болуға
мүмкіндік береді. Алдымен, жарнаманың басты мақсаты
тек қана тауар мен қызмет туралы ақпарат беру ғана емес,
сатып алушының сол тауар немесе қызметті сатып алуы
жөнінде көндіруге және ынталандыруға тырысатындығын
белгілеп алайық. Осы мақсат үшін жарнама берушілер
жарнаманы ақпараттық және нанымдық етіп қана емес,
юморға толы, көңіл көтерушілік пен есте сақталатындай
етіп жасауға тырысады.
Жарнама жасаушылар бізді кез-келген дүниеге сендіріп,
сонымен қатар біздің критикалық ойлау қабілетімізді
өшіру мақсатында қолданатын бірнеше жарнама айлалары
бар. Оларға мыналар жатады:
•
Дабыл
•
Көңіл күйді білдіретін тіл
•
Құбылғы-сөздер
•
Үлкен және қара әріптер
•
Жағымды әсер қалдыру
•
Жұлдыздарды тарту
•
Әзіл
•
Айрықша ұрандар
Достарыңызбен бөлісу: