Елімізді тұғыры мықты, дамыған мемлекетке айналдыру


Критикалық ойлай алатын адамның іс-әрекеті



Pdf көрінісі
бет47/66
Дата05.12.2023
өлшемі3,31 Mb.
#134523
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   66
Байланысты:
Критикалық ойлау негіздері

Критикалық ойлай алатын адамның іс-әрекеті:
Критикалық ойлайтын адам БАҚ-тың қармағына ілігіп 
қалмас үшін, саралай қимыл жасап, келесі сұрақтарды қоя 
біледі:
1. Бұл жаңалықтың негізгі мағынасы қандай? Қандай 
дәлелдер келтірілген? Басқа да ақпарат көздерін 
тексеріп көру қажет пе?
2. Жаңалықтың жүргізушісі, журналист, репортер 
қаншалықты обьективті болып отыр? Олар өздерінің 
субьективті ойлары мен күні бұрын ойлап алған 
пікірлерін ұсынып отырған жоқ па? 
3. Бұл жаңалыққа байланысты кең көлемде тағы не өтіп 
жатыр? Бұл оқиғаға дейін не болды? БАҚ-қа көзсіз сену 
үшін тағы нені білу керек?
4. Бұл жаңалық менің пікірімді қалай өзгертуі мүмкін? 
5. Жаңалықты беру кезінде менің назарымды аудару үшін 
қандай әдістер мен айлалар қолданылды? 
6. Бұл жаңалықтың берілуіне қай жаққа (мемлекетке, 
ұйымдыққа, компанияға, т.с.с.) тиімді болуы мүмкін? 


152
6.3. Жарнама
Жарнама
сөзі латын сөзінен
reclamare
, «айқайлау» 
дегенді білдіреді және екі негізгі мағынасы бар: 1) бір 
нәрсені кең ауқымда танымал жасауға бағытталған
тұтынушылар мен сатып алушыларды өзіне тартуға 
арналған хабарландыру, хабарлама және басқа да іс-
шаралар; 2) танымалдылықты қалыптастыру мақсатында 
бір нәрсе, бір тұлға туралы мәліметтерді тарату. 
Жарнама сіз бен біздің өміріміздің бөлінбес құрамдас 
бөлігі болып табылады. Ол біздің өмірімізге белсенді 
толыққанды жанұя мүшесі іспеттес еніп, өзінің берік 
орнын алып үлгерді. Жарнамасыз қазіргі өмірді елестету 
мүмкін емес. Ол бізге әртүрлі қол жетімді тауарлар 
мен қызметтер жайлы ақпарат беру арқылы көмегін 
тигізіп отыр. Кейбір кезде жарнама бізге зиянды заттар 
туралы ескертіп, салауатты өмір сүруге ынталандырады. 
Жарнама болмаса біз үшін әртүрлі тауарлар сатып алу 
мен қызметтерді іздеу кезінде шешім қабылдау қиынға 
соғары сөзсіз. Еңбек нарығының көзқарасы бойынша 
жарнамалардың арқасында көптеген талантты жарнама 
жасаушылар, жазушылар, продюсерлер мен әртістер 
жұмыспен қамтамасыз етіліп отыр. Ал, жарнамадан түсетін 
пайданың арқасында теле және радио станциялар (әсіресе 
жекеменшік БАҚ) өмір сүріп келеді. Жарнама бәсекелестік 
пен бұқаралық қолдануды қалыптастырып (өндірушілер 
мен тасымалдаушылар арасында), ел экономикасының 
өсуіне үлес қосады. Жарнама 
кең ауқымда өндірушілер 
экономикасын
ынталандырады. Мұндай өнім тауар 
өндірілімінің құнын түсіріп, сатып алушылар үшін бағаның 
түсуіне алып келеді.
Кең ауқымдағы өнімдер бұқаралық 
қолдануды
талап ететіндіктен тұтынушының тауар туралы


153
және оны қайдан сатып ала алатындығы жайлы неғұрлым 
көп ақпараттануында жарнаманың алар орны ерекше.
Бір жағынан жарнама біздің жан-жағымыздан шығып 
мезі қылып жібереді. Сіз өзіңіздің сүйікті телесериалыңызды 
көріп отырған кезде аяқастынан жарнама ролигі шыға 
келгенде немесе сіз сүйікті музыкаңызды тыңдап 
отырған сәтті Сізге қажеті жоқ әртүрлі хабарламалар үзіп 
жібергенде қалай ашуланғаныңызды есіңізге түсіріңізші. 
Әлеуметтік желілерді қолданушылар жарқ етіп шығып 
тұратын жарнамалар көңілдерін қалай бөлетіндіктерін 
жақсы біледі. Жарнама тек қана газет, журнал, телеарна, 
интернет т.б. арқылы ғана емес барлық жерде қыр 
соңымыздан қалмайды. Біздің кіреберістегі есігіміз ту 
сияқты шұбарланып, сан алуан қызметтерді белсенді 
түрде жарнамалап тұрады. Мысалы, «авто мектепте 2 ай 
ішінде көлік жүргізіп үйрену», «2 апта ішінде ағылшын 
тілін меңгеру!», «жоғары білікті бала бағушы» және т.б. 
Тіпті, мультфильмдердегі танымал тұлғалардың бейнесі 
салынған (Бір жағынан кім-кімге жарнама жасап жатқаны 
белгісіз. Мультфильм кейіпкерлері арқылы өндірушілер 
тек 
қана балалар тауарын
жарнамалап жатыр ма әлде қалай 
дегенмен олар, 
балалар тауарлары және мультфильмді
жарнамалап отыр ма?! ) балалар ойыншығы мен тағамы 
да бүгінде күнделікті жарнамаланып отыр. Жарнамалар 
шай қорапшаларында, сусын бөтелкесінде және шеколад 
қабының сыртында да кездеседі. Олар кинотеатрларда ( 
жоғары буындағы адамдар үшін олар «журнал» ретінде 
танымал) көркем фильм көру үшін күтіп отырған мезетте 
алдымыздан трейлер түрінде шыға келетіні тағы бар. 
Бірақ, шындығында біз үшін ең жаманы бізге қатты әсер 
ететіндігі, құндылықтарымызды өзгертіп, материалдық 
дүниеге көбірек тәуелді ететіндігі болып отыр. Біз 


154
қанағатсыздыққа ұшырап, болған үстіне бола берсе екен 
деген халге душар бола бастаймыз. Жарнама - күнделікті 
өмірдегі құндылықтар мен көзқарасты қалыптастыруда 
аса үлкен күш. Жарнама жасаушылар сатып алушының 
санасына емес, психологиялық айлаларды қолдану 
арқылы парықсыз көңіл күйге шақырады. Жарнама 
жасаушылар белгілі бір құндылықтарды бағалау және 
басқаларын менсінбеу жолы арқылы біздің ойлау 
қабілетімізді өзгертеді. Жарнама Сіз, тұтынушы ыңғайлы 
және байлықта өмір сүруге, қымбат және сүйкімді киінуге, 
француз әтірінің иісін иіскеуге, пайдалы және пайдасыз 
(чипсы, гамбургер, кола) тағамдарды жеуге, техниканың 
соңғы жаңа түрін алуға, қымбат автокөлікте жүруге, т.б. 
тиіссіз дегенді меңзейді және көрсетеді. Алайда, жарнама 
сіздің критикалық ойлау қабілетіңіз бен шешіміңізді, 
сонымен қатар сіздің өз-өзіңізбен еркін болғыңыз 
келетіндігін менсінбейді. Жарнама, Сіз моральдық 
құндылықтарға қарағанда материалдық жағдайыңызға 
көбірек көңіл аударуыңызға алып келеді. Жарнамадағы 
көрсетілген «Өміріңізге аса қажетті» дүниелерді алу 
соңында жүрген кезіңізде, өзіңіз де байқамастан теледидар 
экранындағы немесе компьютердегі, радио мен газет 
жолақтарындағы кезекті жарнаманың тұтқыны болып 
шыға келесіз. Сіз саналы, жоғары ұйымдастырушылық тән 
мораль иесі болып табылатындығыңыздың дәлелі бола 
алатын өзіңіздің жеке критикалық ойлау қабілетіңізді 
пайдалануды ұмытасыз.


155


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет