Еркишева жазира сабыровна



Pdf көрінісі
бет34/82
Дата08.12.2023
өлшемі3,14 Mb.
#135092
түріДиссертация
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   82
Байланысты:
1 Диссертация Еркишева Жазира Сабыровна.

Зерттеу тәсілі 
– оқушылардың мәтінді есептерді шығаруда танымдық 
белсенділігі мен қызығушылығын қалыптастыруға, зерттеушілік әрекет 
дағдыларын дамытуға, ғылыми таным әдістерімен танысуға жәрдемдеседі.
Бұл жоғарыда көрсетілген тәсілдер математиканы оқыту процесінде 
оқушылардың қолданбалы есептерді шешуде мәселелік тапсырмалардың 
шешімдерін және сұрақтарға жауаптарды өздiгiнeн немесе өзара байланыста 
iздeнyдi, түciндipyдi, тaлдayды, әртүpлi дерек көздерінен aқпapaттарды іздеуді, 
оқу, түсіну және түрлендіруді, дәлелдемелер келтіру, қорыту, қорытынды 


81 
шығаруды, есептердің өмірмен байланысын табуды, оқу мазмұнын ой елегінен 
өткізуге, салыстыруға, дәлелдемелер келтіруге, өз пікірін қорғауға арналған
мәнмәтінді есептерді шешуді, қоршаған ортадағы, өмірлік жағдайлардағы 
мәселелерді математикалық жолмен (модельдеу) есептерді шешуді, сандық және 
гpaфиктік жәнe бacқaдaй білім беру pecypcтapын қoлдaнуды меңзейді. 
Жаңартылған білім беру мазмұны нәтижеге және білім сапасын қамтамасыз 
етуге бағытталған бағдарлама болып табылады. Сонымен қатар мектеп 
оқушыларына математиканы оқытуда оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы 
білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын 
жүргізу, тәжірибе жасау, ақпараттық-коммуникациялық технологияны (АКТ) 
қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс 
жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді 
және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді қолдану 
жаңартылған білім берудің маңыздылығын көрсетеді.
Орта мектепте математиканы оқытудың әдістерін, формалары мен 
құралдарын таңдау мен нақтылау мәселелерін талдау барысында біз, оның білім 
беру мазмұнымен және оқыту мақсаттарымен өзара байланысы туралы 
педагогикалық заңдылықтарға сүйендік.
И.Я.Лернер мынадай анықтама береді: «Оқыту әдісі – оқу мақсатына жету 
жолы ретінде белгілі бір құралдардың көмегімен практикалық және танымдық 
іс-әрекетті ұйымдастыратын мұғалімнің бірізді және реттелген әрекеттерінің 
жүйесі» [154]. 
Сонымен қатар, математиканы оқытуда оқушылардың қаржылық 
сауаттылығын қалыптасыру мүмкіндіктерін теориялық талдау барысында және 
оны тәжірибе жүзінде апробациялау кезінде, белсенді әдістер осы жағдайларда 
оқытудың басым әдісі болып табылатыны анықталды. Осындай мақсатта 
пайдалану кезінде оқу қызметі шығармашылық сипатқа ие болатын оқыту 
әдістері, 
танымдық 
қызығушылық 
пен 
шығармашылық 
ойлауды 
қалыптасатыруға ықпал бар әдістерді жинақтадық [42,б.56, 155]. Атап айтқанда, 
интербелсенді әдістер, жобалық, проблемалық, ойын, эвристикалық, модульдік 
және т.б. жатады. Осы әдістер орта мектепте математиканы оқытуда 
математикалық және қаржылық сауаттылықтары мен құзыреттіліктерінің 
қалыптасуына әсер етеді. 
Сонымен, біз жүйелілік талдау қағидаларына сәйкес математиканы оқытуда 
оқушылардың қаржылық сауаттылығын қалыптастыру үшін әдістемелік жүйенің 
әрбір құраушыларының мақсатын, мазмұнын, формасын, әдісін және 
құралдарын анықтай отырып, олардың арасындағы логикалық байланыстарды, 
қатынастарды айқындадық (сурет 9). 


82 
Сурет 9 – Математиканы оқытуда оқушылардың қаржылық сауаттылығын 
қалыптастырудың әдістемелік жүйесі 
Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша математиканы оқытудың 
әдістемелік жүйесінің компоненттері де өзгерді. Сондықтан оқушылардың 
математиканы оқытуда қаржылық сауаттылығы нәтижелі болу үшін мынадай 
шарттар қамтамасыз етілуі тиіс демекпіз: 
1) білім мазмұны, оқыту әдістері мен формаларын педагогикалық 
технологиялардың талаптары негізінде анықтау;
2) білім мазмұнын анықтағанда қазіргі ақпараттық-коммуникациялық 
технологияның дидактикалық мүмкіндіктерін, әсіресе оқушыларды іздену-
зерттеуге жетелейтін процесстерді модельдеу мүмкіндігін ескеру, негізге алу; 
Жеке өмір, оқу және кәсіби қызмет, қоғамдық өмірдегі 
экономикалық-қаржылық жағдаяттарға қатысты табыс, 
кіріс, шығын, еңбекақы, бағалар, сұраныс пен ұсыныс
көтерме және бөлшек сауда, салым, депозит, инфляция, 
несие картасы, жинақ, несие және оның түрлері, жай және 
күрделі пайыздар және т.б. ұғымдары. 
Баяндау, әңгімелеу, көрнекілік, тәжірибелік, саралап 
оқыту, проблемалық, жобалық, белсенді оқыту әдістері, 
пәнаралық байланыс, модельдеу, АКТ және т.б. 
Математиканы оқытуда оқушылардың қаржылық сауаттылығын қалыптастыру 
әдістемесі 
Оқыту мақсаты 
Математиканың өмірдегі орнын түсіндіру 
жәнематематикалық білім мен білік, дағдыларын 
әлеуметтік-қоғамдық ортадағы жағдаяттарда қолдана 
білуге үйрету, қаржылық сауаттылығын қалыптастыру 
Оқыту мазмұны 
Оқыту формасы 
Сабақ, дәріс, тәжірибелік сабақ, семинар, тренинг, 
топтық, жеке жұмыстар, зертханалық, сыныптан тыс 
жұмыстар, өзіндік жұмыстар, ғылыми жобалар 
Оқыту әдісі 
Оқыту құралдары 
Оқулықтар, мәтінді есептер, қаржылық-экономикалық 
мазмұнды есептер, PISA, TIMSS зерттеулерінің 
тапсырмалары, проблемалық сипаттағы сұрақтар, білім 
беру порталдары мен платформалары, ҰБТ 
тапсырмалары, жиынтық бағалау жұмыстары, тест 


83 
3) оқу пәндерінің әр тақырыбы бойынша Б.Блум таксономиясына (білу, 
түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау) құрылған тапсырмалар жүйесін 
дайындау; 
4) оқу процесінде сыни тұрғыдан ойлау, нәтижеге бағдарланған 
технологияларды қолдану. 
Математиканы оқыту процесінде оқушылардың қаржылық сауаттылығын 
қалыптастыруда проблемалық оқыту әдісін қолданудың орны ерекше. 
Проблемалық оқыту әдісінің мәні оқушылар алдында проблемалық жағдаят 
жасауда (ұйымдастыруда), оқушылар мен мұғалімнің біріккен іс-әрекетінде 
(оқушылардың жоғары дәрежедегі дербестігі мен мұғалімнің оқушылардың іс-
әрекетін бағыттайтын жалпы басқаруы жағдайындағы) осы жағдаяттарды түсіну, 
қабылдау және шешуде болып табылады. 
Мысалы, оқушыларға келесідей тапсырма ұсынамыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет