80
жағдайларды шешуде әртүрлі дағдыларды игеру мүмкіндігі деп қарастырған
[151].
Құзыреттілік тәсілде алдын-ала берілмеген, туындаған проблемалық
жағдайлардың шешімін табуға мүмкіндік беретін дағдыларға ерекше мән
беріледі. Демек, құзыреттілік тәсілдің негізгі мақсаты – мектепте оқытылатын
пәндердің қолданбалы, тәжірибелік бағытын күшейту болып табылады.
З.А.Жумагулова мектеп оқушыларының математиканы оқыту барысында
есептер шығаруда құзыреттілік тәсілдің тиімділігін айқындай отырып,
оқушылардың танымдық қызығушылығы артуына септігін тигізетіндігін атап
өткен [152,153].
Оқушының математикалық, экономикалық ойлау, шығармашылық
қабілеттері арқылы қаржылық сауаттылығын қалыптастыру жүйелі-әрекеттік
тәсіл арқылы жетілдіруге болады.
Жүйелі-әрекеттік тәсіл
педагогикалық білім беру жүйесінің құрамдас
бөлшектерінің жиынтығы болып табылады. Олар білім беру мақсаты, мазмұны,
білім беруді ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерімен формалары.
Жүйелі-әрекеттік
тәсіл
шеңберінде оқушының жеке белсенділігі қаржылық сауаттылықты
қалыптастыруға деген оңды көзқарасы, қызығушылығы мен білім алу арқылы
оқушы тұлғасын дамыту. Мұғалім оқушының тұлғасын дамыту арқылы оның
қызығушылығын, білімі мен дағдысының деңгейін ескере отырып, сабақтың
тәрбиелік мақсаты мен формаларын,бүкіл оқу-тәрбие процесіне бағыт-бағдар
береді.
Тұлғалық-бағдарланған тәсіл
әрбір математикалық іс-әрекетте теориялық
және практикалық жоспарлар бойынша психологиялық жағдайға негізделген.
Қаржылық сауаттылық бойынша әрбір іс-әрекетте теориялық және
практикалық жағдайға қатысты элементтерді қарастыруға болады: практикалық
іс-әрекетте – пәндік және оның амалдары, нәтижелері; теориялық іс-әрекетте –
тұлға және оның компоненттері, мотивтер, құндылықтар, орнатылымдар.
Тұлғалық-бағдарланған тәсіл
тұлға мен қарастырылатын пән арасында
белгілі бір заңдылықтар негізінде байланыстырады.
Коммуникативті тәсіл
оқушылардың ауызша және жазбаша сойлеу
дағдыларын дамытуға, математиканы оқытуда берілген мәтінді есептерді
шығару кезінде ондағы өмірлік жағдаятқа сай тілді қолданып үйренуге
бағытталған.
Интегративті тәсіл
математиканы оқыту кезінде сабақты ұйымдастыру
кезеңінде әртүрлі оқу пәндерінің мазмұнын өзара кіріктіру арқылы оқушыда
әлемнің тұтас бейнесін қалыптастыруға жәрдемдеседі.
Достарыңызбен бөлісу: