69
негізінде «қаржылық сауаттылық – бұл адамның өмір сүру жағдайларын
жақсартуда жинақтаған белгілі бір қаржылық білімі, дағдыларын жетілдіре
отырып, ақпараттандырылған және цифрлық қоғамда күнделікті өмірлік
қажеттіліктерінде қаржылық құзыреттерді игеру», - деп түсінеміз.
Орта мектепте математиканы оқыту процесіндегі математикалық есептердің
ішінде мәтінді есептердің рөлі мен маңыздылығы математиканы оқытудың
нәтижесі, құралы және пәні ретінде айқындалып отыр.
Зерттеу жұмыстарын, ғылыми-әдістемелік еңбектерді және қолданыста
жүрген оқу әдебиеттерін талдау арқылы мектеп математика курсындағы мәтінді
есептердің мәселенің шамасына, мазмұны мен тілдің ерекшелігіне байланысты
сюжеттік, контекстік (тәжірибелік-бағдарлы), қолданбалы (практикалық
мазмұнды), пәнаралық сипаттағы (физикалық мазмұнды, химиялық мазмұнды,
қаржылық-экономикалық
мазмұнды
және
т.б.)
есептерге
жіктелген
классификациясын ұсынамыз.
Қаржылық-экономикалық
мазмұнды
есептер
математика
мен
экономиканың терең ғылыми байланыстарының болуымен, өндіріс, техника
салаларында
математикаға
деген
қажеттіліктің
туындауы,
өндірісті
тұрақтандыру және қамтамасыз ету әдістерімен, білім алушылардың қаржылық
сауаттылығын қалыптастыру құралы ретінде анықталады.
Зерттеу
жұмысында
оқушылардың
қаржылық
сауаттылығын
қалыптастыруға бағытталған мәтінді есептердің мектеп математика курсының
оқу бағдарламасында қамтылуы зерделеніп, мәтінді есептердің білім берудегі,
ойлауды дамытудағы, тәжірибелік, тәрбиелік, бақылаушылық маңыздылығы
тұжырымдалды.
2. Математикалық есептер теориясы мен есептерді шығаруға үйрету
мәселелері зерделеніп, мектеп математика курсында оқушыларға қаржылық-
экономикалық мазмұнды есептерді шығаруды оқытып-үйретудің әдістемелік
негіздері айқындалды.
Математикалық есептерді шығару процесінің компоненттері негізінде
есептерді шығарудың іс-әрекет қадамдары, яғни мәтінді есептерді шығаруға
үйретудің төрт кезеңі: «есептің шартын (мәтінін) талдау, есепті шығару
жолдарын іздеу (есепті шығару жоспарын құрастыру), есепті шығару жоспарын
жүзеге асыру, есептің шешімінің дұрыстығын тексеру және жауабын жазу»
болып бөлінеді.
Ғылыми-әдістемелік еңбектерді және оқу құралдарына сүйеніп, мәтінді
есептерді шығарудың арифметикалық, алгебралық, геометриялық, логикалық,
практикалық, кестелік, аралас, сынақтан өткізу әдістері бар болып табылады.
Жалпы білім беретін мектептердің оқу процесіндегі математикадан
оқулықтардың мазмұнындағы қаржылық ұғымдарға, қаржылық-экономикалық
мазмұнды мәтінді есептерге талдаулар жасалып, оқушыларға оқу
бағдарламаларында көрсетілген оқу мақсаттарына сай қаржылық-экономикалық
мазмұнды мәтінді есептерді әртүрлі әдістермен және бірізділікті кезеңдермен
шығаруға үйретудің әдістемелік ұсынымдары тұжырымдалды.
Достарыңызбен бөлісу: