Жауабы:
1,3 пайызға өсті деп айта аламыз.
№867 жаттығуда пайызды есептеу арқылы «түсім» ұғымының
маңыздылығын үйретуге болады.
№867-жаттығу.
Марат пен Елдос өз кәсіпорындарын ашты және әрқайсысы
түсімнің 20%-ынан алып, қалған түсімді кәсіпорынды дамытуға жіберуді
ұйғарды.
1) Олар кәсіпорынды дамытуға түсімнің қанша пайызын жібереді?
2) Егер наурыз айында түсім 220 000 тг құраса, олардың әрқайсысы қанша
теңгеден алады?
3) Егер сәуір айында түсім 180 000 тг құраса, онда Марат пен Елдос
кәсіпорынды дамытуға қанша теңге жібереді?
Шешуі.
1) Барлық түскен түсімнің 100%-20%=80% кәсіпорынды дамытуға
жібереді.
2)
220000 0, 2
44000
=
тг - Марат пен Елдос алған ақшалары.
3)
180000 0,8 144000
=
тг.
Жауабы:
144000 тг өндіріске салады.
115
№859 жаттығу.
Банк салымшыларға қысқа мерзімді салым бойынша 3,5%
жылдық сыйақы төлейді (салым жыл сайын 3,5% ға өсіп отырады). Бір жылдан
соң салымшы 207000 тг алса, ол банкке алғашқыда қанша теңге салған?
Есептің шартын түсіндіруде оқушыларға мұғалім проблема тудыруды 21-
кестеде көрсетілгендей арнайы сұрақтар қою арқылы арқылы түсіндіреді.
Шешуі.
Банктың бастапқы пайызын 100 пайыз деп есептейміз.Ол жылдық
3,5 пайызға өссе 103,5% болады.
100+3,5=103,5%.
207000/1,035=200000 тг.
Жауабы:
Бірінші салым 200000тг.
Кесте 21 - Есепті сұрақтар қою арқылы түсіндіру
Мұғалімнің әрекеті
Оқушылардың әрекеті
Сұрақ: Жаттығу тапсырмасын оқып, онда
айтылған мәлімет не туралы екенін
анықтаңыз.
Жауап: Салымшылардың ақшасын сақтау
және қарыз алушыларға несие беру туралы.
Сұрақ: Бұл ақпараттар қандай мекеме
қызметімен байланысты және ол мекеменің
қызмет ерекшеліктері қандай?
Депозит ұғымын қалай түсінеміз?
Жауап: Банк. Ол несие беру, ақшаны
сақтайтын мекеме.
Депозит бұл банкке салынған ақшадан
үстеме пайда алу.
Сұрақ:
Қарастырылып
отырған
есеп
шартында банк салымшыға қанша пайызбен
жылдық сыйақы төлейді?
Жауап: Қысқа мерзімді салым бойынша 3,5
пайыз жылдық сыйақы төлейді.
Сұрақ: Банктің қаржылық қызметті
атқарудағы түпкі мақсаты қандай екенін
түсіндіріңіз.
Жауап: Банк ақшаны жай ғана сақтамайды,
оны пайда табу мақсатында пайдаланады.
6-сынып математика курсында «Қатынастар және пропорциялар» тарауы
бойынша «Мәтінді есептерді пропорцияның көмегімен шығару» тақырыбы
оқытуда оқушыларды мәтінді есептерді шығаруға үйрету карастырылады.
Бірінші ереже бойынша берілген санның процентін табу үшін: процентті
өрнекпен өрнектеу керек, берілген санды осы бөлшекке көбейту керек, яғни
100
P
b
a
=
Мұндағы,
а
- берілген 100%-ке сәйкес сан,
Р
- пайыздар,
b
-берілген сандық
пайызға сәйкес мәні.
Екінші ереже бойынша берілген пайыз бойынша санды табу үшін:
1) пайызды бөлшекпен өрнектеу керек;
2) берілген мәнді осы бөлшекке бөлу керек яғни
100
P
a
b
=
Мұндағы,
а
- пайыз бойынша табылатын 100 %-ке сәйкес сан,
b
- пайызы
берілген сан,
Р
- пайыздар. Бұлар пайыздың негізгі формуласы. Осы
формулаларды пайдаланып төмендегі мысалдарды шығарамыз.
116
Достарыңызбен бөлісу: |