Еркишева жазира сабыровна



Pdf көрінісі
бет46/82
Дата08.12.2023
өлшемі3,14 Mb.
#135092
түріДиссертация
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   82
Байланысты:
1 Диссертация Еркишева Жазира Сабыровна.

1-топ тапсырмасы.
Кәсіпкердің 2018 жылы жылдық табысы 5000000 тг 
болды. Әрбір жыл сайын оның табысы алдыңғы жылдармен салыстырғанда 300 
% ке өсіп отырды. Кәсіпкердің 2021 жылы қанша табыс тапты. 
2-топ тапсырмасы.
Каспи банкі 20000 теңгеге жылдық көрсеткішпен 4% 
үстеме қосады. Салымшы 4 жылдан соң банктен қанша ақша алады? 
3-топ тапсырмасы.
Әкесінен Мұратқа мұра қалдырылды. Бірінші айда 
Мұрат 1000$ жұмсады. Ал келесі айда бірінші айға қарағанда 500$ артық 
жұмсады. Мұрат екінші айда қанша $ жұмсады. Үшінші айда ше? Егер 
қалдырылған мұра 1 жылға жеткен болса, мұрада қанша ақша болған?
Сонымен қатар, бұл әдіс ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын және 
проблемаларды қою және шешу қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. 
«Фишбоун» балық қаңқасы түріндегі схемалық диаграммаға негізделген. Ол 
бас, құйрық, жоғарғы және төменгі сүйектер түрінде ұсынылған негізгі төрт 
блокты қамтиды: 
- байланыстырушы буын – балықтың негізгі сүйегі немесе жотасы; 
- бас – талданатын мәселе, сұрақ немесе тақырып: 
- жоғарғы сүйектер (45 градус бұрышта орналасқан) - олар тақырыптың 
негізгі түсініктерін, мәселеге әкелген себептерді бекітеді; 
- төменгі сүйектер тұжырымдалған себептердің немесе диаграммада 
көрсетілген ұғымдардың мәнін растайтын фактілер болып табылады; 
- құйрық – сұраққа жауап, қорытынды, жалпылау. 
Барлық жазбалар қысқа, нақты, қысқа және тек ұғымдардың мәнін 
көрсетеді. «Фишбоун» технологиясын қолданудағы маңызды қадам толтыру 
нәтижелерін көрсету болып табылады. 
Оқушылармен кері байланыс алудың жақсы тәсілі 
«Kahoot» қосымшасы 
арқылы тест ұйымдастырамын (19-сурет). 


104 
Сурет 19 - «Kahoot»қосымшасы 
 
Сабақ соңында бағалау «Білім шыңы» әдісімен бағаланады. 
Оқушылардың игерген білімдері мен оқу жетістіктерін критериалды 
бағалау жүйесімен іске асырамыз. Бұл жүйенің дәстүрлі бағалаудан ерекшелігі 
оқушылардың тақырып, тарау бойынша білім сапасының үлгерімі мен 
ілгерілеуі туралы мәліметтерді жинақтаудан тұрады. 
Төменде біз 9-сынып «Алгебра» пәнінен «Арифметикалық және 
геометриялық прогрессия» тақырыбы бойынша жиынтық бағалау жұмысының 
тапсырмаларын және оларды оқушылардың орындау барысын бағалау 
критерийлерін ұсынамыз (17-кесте). 
Жиынтық бағалау жұмысының тапсырмалары: 
1. Дүкенде тоңазытқыштың бағасы жыл сайын бұрынғы бағадан бірдей 
пайызға төмендейді. Тоңазытқыш 198 000 теңгеге сатылса, екі жылдан кейін 
160 380 теңгеге сатылса, оның бағасы жыл сайын қанша пайызға төмендегенін 
анықтаңдар. 
2. Кәсіпкердің 2018 жылы жылдық табысы 5000000 тг болды.Әрбір жыл 
сайын оның табысы алдыңғы жылдармен салыстырғанда 300 % ке өсіп отырды. 
Кәсіпкердің 2021 жылы қанша табыс тапты? 
3. Дария, Рашит және Айым 25 теңгеден дәптерлер және қаламдар сатып 
алды. Дария 10 дәптер мен 3 қалам, Рашит 20 дәптер мен 2 қалам, Айым 30 
дәптер мен 3 қалам сатып алды. Дария, Рашит, Айымның төлеген ақшалары 
геометриялық прогрессия құрайтын болып шықты. Қалам қанша тұрады? 
Кесте 17 – «Арифметикалық және геометриялық прогрессия»тақырыбы 
бойынша жиынтық бағалау жұмысын бағалау критерийлері 
Бағалау критерийі 
Тапсырма 
№ 
Дескриптор 
Балл 
Білім алушы 
Арифметикалық 
және 
геометриялық 
прогрессияны қолданып, 
есептер шығарады. 

есеп шартына сәйкес прогрессияның түрін 
анықтайды ; 

банктік пайыздық формуланы қолданады 



105 
17- кестенің жалғасы
белгісіз мәнді енгізеді 

квадрат теңдеуді құрайды 

квадрат теңдеуді шешу тәсілін таңдайды 

квадрат теңдеудің түбірін табады

пайызды табады 

2
есептің шартына сәйкес шамалар 
арасындағы прогрессия заңдылықтарын 
ажыратады;

Геометриялық прогрессияның n-ші 
мүшесінің қасиетін қолданады 

Қажетті есептеулер жүргізіп, есептің 
шешімін табады; 


есеп шартына сәйкес прогрессияның түрін 
анықтайды; 

белгілеулер енгізеді; 

геометриялық прогрессияның n-ші 
мүшесінің формуласына салып есепті 
шығарады. 

Жауабын жазады.

Барлығы: 
14 
Үй жұмысына әрбір топ күнделікті өмірде кездесетін қаржылық-
экономикалық ұғымдарға мысалдар келтіру арқылы оқулықтағы есептерді 
орындау тапсырмасын беремін. Сонымен қатар осындай арифметкалық және 
геометриялық прогрессияны пайдаланып мәтінді есептерді шығаруда 
ақпараттық технологияны қолдануға тапсырмалар беремін.
Мұғалімнің математиканы оқыту процесіндегі қолданатын әдістері мен 
құралдары процедуралар жиынтығын құрайды. Білім беру мен тәрбиелеу 
процесінде танымдық қызығушылық оқушыны баурап алатын жанды оқу 
құралдары оқушының жеке оқу әрекетінің және жалпы оқудың күшті мотиві, 
оқушының тұрақты тұлғалық қасиетін қалыптастыруға ықпалы бар көп мәнді 
рөл атқарады. 
Қорыта келгенде, 9-суреттегі мектеп оқушыларының қаржылық 
сауаттылығын қалыптастырудың әдістемелік жүйесіндегі қарастырылған оқыту 
әдістері, формалары мен құралдары, дидактикалық қағидалар математиканы 
оқыту процесін ұйымдастыру және мазмұндық жағынан тиімді әдістеме болып 
табылады демекпіз.
Математикалық есептер – математиканы оқытудың, яғни жаңа білімді 
меңгеру, оқу материалын пысықтау, оқу жетістіктерін бақылаудың негізгі 
құралы 
болғандықтан, 
келесі 
параграфта 
оқушылардың 
қаржылық 
сауаттылығын қалыптастыруға арналған мәтінді есептерді шығаруға үйрету 
әдістемесін қарастырамыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет