106
2.2 Оқушылардың қаржылық сауаттылығын қалыптастыруға
бағытталған мәтінді есептерді шығаруға үйрету әдістемесі
Жалпы білім беретін мектеп оқулықтарын қаржылық-экономикалық
мәселелер бойынша жаттығуларға талдау жасап, әрбір жаттығудың берілу
шартына
байланысты
оқушылардың
қаржылық
сауаттылықтарының
қалыптасуына ықпалы бар оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін қолдану қажет деп
санаймыз.
Мектеп математика курсындағы шығармашылық сипаттағы есептер,
практикалық мазмұнды есептер, қаржылық-экономикалық мазмұнды мәтінді
есептер оқушылардың функционалдық және қаржылық сауаттылығын дамыту
құралы ретінде болады.
Академик А.Е.Әбілқасымованың пікірінше, «Есептерді шығаруды үйрету
математиканы оқыту әдістемесінің негізгі мәселесі болып табылады. Осыған
байланысты мынадай сұрақтар өзекті: модельдеу, есептерді шешу процесінде
оқушылардың ұжымдық және жеке іс-әрекетін ұйымдастыру, қиындық
деңгейлеріне байланысты есептер, қолданбалы есептер жүйесін, шығармашылық
есептерді әзірлеу және т.б.», - деп түсіндірген [83,б.224-225].
Диссертацияның бірінші бөліміндегі 1.2 параграфта оқушылардың
қаржылық сауаттылығын қалыптастыруда мәтінді есептердің классификациясы,
олардың орны мен маңыздылығы айқындалып, тұжырымдалған болатын.
Мектеп математика курсында мәтінді есептерді шығаруға үйрету арқылы
оқушылардың қаржылық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесін жасаудың
мақсаттары келесідей демекпіз:
- математикалық білімнің қолданбалы бағытын күшейту мақсатында
экономикамен пәнаралық сипаттағы есептерді шығаруды оқытып-үйрету;
- оқушылардың интеллектуалды дамуы, математикалық қызметке тән және
әлеуметтік-қоғамдық ортада өмір сүру үшін қажетті экономикалық ойлауын
қалыптастыру;
- математиканың идеялары мен әдістері, қоршаған әлемді танып білу және
оны сипаттау формасы туралы түсініктерді, экономикалық ұғымдарды
қалыптастыру;
- математика жалпы адамзаттық мәдениеттің бөлігі туралы түсініктерді
қалыптастыру, қоғамдық прогресс үшін математиканың маңыздылығын түсіну.
Математиканы оқытудың әдістемелік жүйесіне сәйкес мәтінді есептерді
шығаруға үйрету арқылы оқушылардың қаржылық сауаттылығын қалыптастыру
әдістемесінің құрылымын айқындауға болады (20-сурет).
20-суреттегі математика сабағында оқушыларды мәтінді есептер шығаруға
үйрету арқылы қаржылық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесінің
құрылымына төмендегідей компоненттер кіріктірілген:
-
сыртқы факторлар
, мәтінді есептерді, оның ішінде қаржылық-
экономикалық мазмұнды есептерді шығару арқылы оқушылардың қаржылық
сауаттылығын қалыптастыру қажеттілігі;
-
мақсатты компонент
тәсілдерді таңдауды сыртқы факторлардың
ықпалыменен оқу мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған;
-
мазмұнды компонент
мектеп математика оқулықтарындағы қаржылық-
107
экономикалық мазмұнды мәтінді есептер, PISA, TIMSS тапсырмалары,
оқушылардың мәтінді есептерді шығарудың әдіс-тәсілдерінен тұрады;
-
процессуалды компонентіне
оқушылардың қаржылық сауаттылығын
қалыптастыруға ықпалы бар математиканы оқытудың мазмұны, құралдары,
әдістері, оқу процесін ұйымдастыру формалары, қаржылық-экономикалық
мазмұнды есептерді шығаруға үйретудің әдістемесі және алгоритмі
кіріктірілген;
-
нәтижелік компонентке
оқушылардың білімін жиынтық бағалау және
бағалау критерийлері мен көрсеткіштері кіреді, сондай-ақ ол оқыту нәтижесі
сипатталған оқушылардың мәтінді есептерді шығару арқылы қаржылық білім
мен дағдыны тексеруге бағытталған.
Сурет 20 -
Мәтінді есептер шығаруға үйрету арқылы оқушылардың қаржылық
сауаттылығын қалыптастыру әдістемесінің құрылымы
Мәтінді есептерді шығаруға үйрету арқылы математикалық және қаржылық
сауаттылықты қалыптастыру мақсатында оқушыларға келесі дағдыларды игеру
ұсынылады:
- математикалық аппараттың мүмкіндіктерін қаржылық есептерде қолдана
алу;
- қаржылық-экономикалық мазмұнды есептерді шығару барысында
қаржылық ұғымдардың мәнін түсіну;
108
- математикалық формулаларды, анықтамаларды қаржылық есептерді
шешуде тиімді қолдану;
- әртүрлі өмірлік жағдайларда кездесетін қаржылық мәселелердің шешімін
табуда математикалық білім, білік дағдыларды қолдану;
- қаржылық-экономикалық мазмұнды есептерді шешуде компьютерлік
технологияны қолдану.
Шет елдердің атап айтсақ, Сингапур, Нидерландия, Бразилия, Австралия,
Ұлыбритания, АҚШ сияқты мемлекеттерде оқушыны жастайынан өмірге
бейімдеу мәселесіне басымды көңіл бөлген. Бұл мемлекеттердің мектеп
математика курсына қатысты оқулықтарымен салыстырғанда Қазақстан
Республикасының жалпы білім беретін мектептің 5-11 сыныптарына арналған
математика оқулықтарында қаржылық-экономикалық мазмұнды есептерге аса
көңіл бөлінбегені айқындалды.
К.Шыныбеков және т.б. авторлардың «Атамұра» баспасының
оқулықтарында А.Е.Әбілқасымова және т.б. «Мектеп» баспасының
оқулықтарына қарағанда қаржылық мәселелер қарастырылмаған, тек күрделі
математикалық есептерге баса назар аударылғаны анықталды (сурет 21).
Сурет 21 - Жалпы білім беретін мектептің математика оқулықтарындағы
қаржылық-экономикалық мазмұнды есептердің қамтылуы
А.Е.Әбілқасымова және т.б. «Мектеп» баспасынан шыққан оқулықтарда
мәтінді есептердің келесі түрлері қолданылады:
- экономикалық мазмұны бар кестелерді, қарапайым диаграммаларды,
графиктерді оқуға және жасауға арналған есептер;
109
- «Бизнестегі математика», «Менің өмірімдегі математика», «Күнделікті
өмірдегі математика», «Аспаз өміріндегі математика» және тағы басқа
тақырыптармен берілген қаржылық-экономикалық есептер;
- арифметикалық есептеуге арналған мәтінді есептер;
- «Практикаға бағытталған тапсырмалар» тақырыбымен берілген мәтінді
есептер [134, 137,139,142,144,158,159,160,161,162,163].
Қолданыстағы математика оқулықтарында мәтінді есептердің бір қатары
практикада кең таралған: еңбек өнімділігі, өнімнің өзіндік құны және т.б.
экономикалық терминдерден тұрады. Мұндай есептердің дұрыс жауабы көбінесе
экономикалық терминдердің немесе тіпті мәтіндегі сөз тіркестерінің мағынасын
түсінбей, сандық деректермен жұмыс істеу арқылы табылады.
Мысалы, 5-сынып оқушылары есепті шығарады, яғни дұрыс жауабын
табады. Алайда, «1 ц сүттің өзіндік құны 3000 теңге» деген сөйлемді қалай
түсінетінін сұрасақ, олар жауап бере алмайды немесе «1 ц сүт 3000 теңге
тұрады», - дегенді айтады. Сондықтан, біз есепті оқып беру алдында немесе оны
шығару барысында түсіндірілуі тиіс сөздер тобын (өзіндік құн, дотация,
рентабельдік, т.б.) анықтап алуымыз керек.
Есептің шартын талдауды оның мәтінін экономикалық терминдер тіліне
аударуды үйреткенде және одан кейін шамалар арасындағы функционалдық
тәуелділікті (баға – сан – құн; еңбек өнімділігі – уақыт – жұмыс көлемі; еңбек
өнімділігі – бұйымның көп еңбекті талап етуі; өзіндік құн – рентабельділік –
пайда және т.б.) анықтау, зерттеу кезінде пайдаланамыз.
Мұндай талдау есептің сұрақтарымен жұмыс істегенде де тиімді болды.
Мысалы,
біз
қаржылық
сауаттылықты
қалыптастыру
барысында
пайдаланылатын мәтінді есептерді шығаруға үйретуде көбінесе «Кім
артығырақ?», «Кім жылдамырақ?», «Не тиімдірек?», «Қайтсе қолайлы?» деген
сұрақтар көмегімен жасалады.
Демек, жалпы білім беретін мектептің 5-11 сыныптарға арналған
оқулықтарда қолданбалы есептер бар, бірақ қоғамның қазіргі өмірімен
байланысты қаржылық-экономикалық мазмұнды есептердің аз екендігін ескеріп,
осындай есептердің санын арттыру және оларды шығаруды үйрету әдістемесін
жетілдіру керек деген ойға келдік.
Негізгі мектеп математика курсының кейбір тақырыптарын оқытуда
оқушыларды мәтінді есептерді шығаруға үйрету арқылы математиканы
экономикамен байланыстыруға болады (кесте 18)
Кесте 18 – Мәтінді есептер арқылы математика мен экономиканың байланысы
Сыныбы
Тақырыптар
Мәтінді есептердің фабуласы
1
2
3
5 сынып
Тікбұрышты параллелепипед
(текше). Тікбұрышты
параллелепипедтің (текшенің)
жазбасы.
Бір және екі бөлмелі пәтер, Пәтер ақы.
Түрғын үй құрылысы.
110
18- кестенің жалғасы
1
2
3
5 сынып
Ондық бөлшектер және оларға
амалдар қолдану
Мемлекеттік құжаттардың тиісті сандық
материалдарын оқу. Өнімнің, өндірістік
еңбектің өзіндік құнын есептеу.
5 сынып
Пайыз. Санның пайызын және
пайызы бойынша санды табу.
Мәтінді есептерді шығару
Еңбек өнімділігінің артуы, уақытты
үнемдеу, жоспарды орындау, кәсіпорын
рентабедьділігі, суды, электр қуатын
үнемдеу және т.б.
5 сынып
Жай бөлшектер және оларға
амалдар қолдану
Сатып алынған нәрсенің құнын есептеу.
5 сынып
Диаграмма. Бағанды,
сызықтық және дөңгелек
диаграммалар. Статистикалық
деректерді көрсету тәсілдері
Тұрғындарға жұмсалған жалпы төлемдерге
жеңілдіктер. Ауыл шаруашылығына
минералдық тыңайтқыштар жеткізу.
Тұрғын үйлерді іске қосу.
5 сынып
Ондық бөлшектерді
дөңгелектеу
Шаруашылық жоспарлардың сандық
мәліметтерін жуықтап бағалау.
6 сынып
Сандарды салыстыру
Пайда, зиян.
6 сынып
Статистикалық деректер және
олардың сипаттамалары:
арифметикалық орта, мода,
медиана, құлаш
Шаруашылық дамуының жылдық орташа
көрсеткіші, орташа айлық жалақы және т.б.
6 сынып
Таңбалары әртүрлі рационал
сандарды қосу. Рационал
сандарды азайту
Ең жоғарғы өсім, ең жоғарғы орташа
жылдық өсім.
6 сынып
Пропорция. Пропорцияның
негізгі қасиеті.
100, 1000, 10000 адамға көрсеткіш (100,
1000, 10000 адамға, отбасына шаққандағы
тұрғындарды кейбір
тауарларменқамтамасыз ету). 100% деп
қабылданған өзге көрсеткішке қатысты
кейбір көрсеткіштер пайызы.
6 сынып
Бір айнымалысы бар
сызықтық теңсіздіктер және
олардың жүйелері
Шешімнің қабылданған нұсқасының
өнімділігі, пайдалылығы.
7 сынып
Санның стандарт түрі
Экономика жетістігі, оның болашағы. Ел
аумағындағы экономика мөлшерінің
көрінісі. Бір минуттың, бірқүннің бағасы.
7 сынып
Функция. Функцияның
графигі
Күнделікті өмірде жиі кездесетін
жағдайлардың математикалық моделін
құру (таксиге, жеделхатқа, қалааралық
телефонға, газетпен журналдарға жазылу,
пәтерақыға төленетін төлемдер).
Транспорттың тасымалдау шығыны.
8 сынып
Квадрат тендеулер
Бағанның екі мәрте арзандауы, еңбек
өнімділігінің артуы, өдірістің өсуі,
өзіндікқұнның төмендеуі.
9 сынып
Сандар тізбегі, оның берілу
тәсілдері және
қасиеттері.Арифметикалық
және геометриялық
прогрессиялар.
Экономикалық өсу көрсеткіштері. Мұнай
өндірудің орташа жылдық өсімі. Жинақ
банкісіне салған ақша өсімі және т.б.
111
Енді мектеп математика курсының тақырыптары бойынша оқушылардың
қаржылық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған мәтінді есептерді
шығаруға үйретудің әдістемелік аспектілеріне тоқталайық.
Мәселен, 5-сыныптың математика оқулығында «Санды әріптер мен
өрнектер. Өрнектерді ықшамдау» тақырыбы бойынша «Бизнестегі математика»
атты атаумен №69 нөмірлі , «Менің отбасым өміріндегі математика» бойынша
75 нөмірлі жаттығу берілген. Бұл есептерді шешуде арифметикалық тәсілдер
қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |