Еркишева жазира сабыровна


Білу және түсіну (А деңгейі)



Pdf көрінісі
бет63/82
Дата08.12.2023
өлшемі3,14 Mb.
#135092
түріДиссертация
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   82
Байланысты:
1 Диссертация Еркишева Жазира Сабыровна.

Білу және түсіну (А деңгейі): 
- оқушы тақырыпқа байланысты қаржылық-экономикалық мазмұнды 
мәтінді есептерді дұрыс шығаруды біледі; 
- математикалық тілде берілген ақпараттарды дұрыс түсінеді; 
- есептерді математикалық түрге келтіру, схема, график, диаграммаларды 
түсіну, оқи алу.
Қолдану және талдау (В деңгейі): 
- қаржылық-экономикалық мазмұнды мәтінді есептерді шығарудың 
оңтайлы әдіс-тәсілін таба біледі, тек өткен тақырып қана емес басқа да 
тақырыптардан алған білімін қолдана алады, есептің жауабының дұрыстығын 
тексере алады, математикалық тұжырымдамаларды дәлелдей алады. 
Жинақтау және бағалау (С деңгейі): 
- оқушы сол тақырып бойынша реферат немесе баяндама жазып оны қорғай 
алады, ғылыми жобаларға зерттеулер жүргізеді, есептерді шешуді жоспарлай 
алады,өзінің жан-жақты білімін қолдана алады, қорытынды жасай алады, 
математикалық ақпаратты берудің әр-түрлі технологияларын қолданады. 
Сонымен, математика сабақтарында қаржылық-экономикалық мазмұнды 
есептерді шығаруға үйрету оқушылардың бойыннда салық, депозит, несие, 


130 
маржа және дисконт сияқты қаржылық ұғымдарға негізделген есептеу 
дағдыларын қалыптастырады демекпіз. Сондай-ақ, қаржылық-экономикалық 
мазмұнды мәтінді есептерді шығару арқылы есеп мазмұнындағы қаржылық 
жағдайларды талдау, қаржылық ұғымдарды игеру барысында оқушылардың 
қаржылық сауаттылығын төмендегіше қалыптастыра алады: 
- адам қажеттіліктерінің тобын нақты мысалдармен сипаттай және суреттей 
алуы; 
- қоғамдық өмірдің экономикалық құбылыстары мен процестерін ажырата 
алады; 
- жеке қаржы жағдайын талдау бойынша қарапайым практикалық 
тапсырмаларды орындау; 
- инфляцияның күнделікті өмірге әсерін түсіну; 
- тұтыну бағаларының индексін талдау әдістерін қолдану; 
- жеке қаржы саласындағы азаматтық, еңбек қатынастарына байланысты 
қарапайым жағдайларды талдау; 
- шектеулі қаржылық ресурстар мәселесін түсіндіру; 
- мысалдар арқылы салық түрлерін білу және нақтылау; 
- ақшаның әртүрлі нысандарының қолданылу аясын ажырату; 
- отбасы шаруашылығын сипаттау және отбасы бюджетінің құрылымын 
талдау; 
- қаржылық мақсаттарды тұжырымдау, олардың орындылығын алдын ала 
бағалау; 
- күнделікті өмірде ақшаны сауатты өңдеу және үнемдеу;
- банк жүйесінің қаржылық қызметтері туралы түсініктері болуы; 
- несие және оның рәсімделуі мен несие түрлерін ажырата білуі; 
- несие карталары мен банктік есептеулерді сауатты жүргізе алуы; 
- қаржылық мәселелерде барысында алаяқтардан сақтана білу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет