62
жолы алынғанын эпиграф тікелей көрсетіп тұр. Аталған көркем мәтіндердің
түсініліп, қабылдануы атауға сай, прецедентті мәтінмен ыңғайлас болса да,
мазмұндық-концептуалды ақпараттың ыңғайластығы да, тосындығы да,
кереғарлығы да кездеседі.
Ж. Жақыпбаев өз өлеңін «Мұң. Бір түн...» деп атапты, бұл бірден
Шығыстың атақты «Мың бір түн» классикалық шығармасын еске түсіреді.
Араб әдеби ескерткішінің цитацияға алынған атауы дыбыстық, синтаксистік,
пунктуациялық, графикалық өзгерістерге ұшыраса да, танылуы оңай. Осы
ақынның «Көзбен жалғыз күй шертер» өлеңі Құрманғазының «Қайран
шешем» күйімен байланыстырыла алады, яғни прецедентті құбылыстардың
белгісі ретінде мұндай цитаталар жаңа мәтін мен бұрынғы мәтін арасында
семантикалық түрлі байланыстар орнатады, ал бұл байланыстар оқырманның
осы мәтінді интеграциялауына – біртұтас, аяқталған көркем туынды
қалыптастыруына қызмет етеді.
Көркем мәтін атауына шығарылған прецедентті атау, әдетте, өзі алынған
контекспен ассоциация нәтижесінде автордың жаңа шығармасына бағалау,
субъективті мән үстеп, оның семантикасын толықтырады, байытады.
Атауы мәтінаралық байланыстарға негізделген шығармалардың бірі – М.
Мағауиннің «Бір нәзік сәуле» әңгімесі.
Әңгіменің атауы бірден Қ.
Аманжоловтың «Дариға, сол қыз» ӛлеңін еске тҥсіреді, яғни прецедентті
мәтіннен ҥзіліп алынған, ӛлеңмен семантикалық байланысы берік цитата
деуге болады:
Өңімде ме еді, түсімде ме еді. Көріп ем ғой бір армандай
қызды...
Достарыңызбен бөлісу: