63
өзгеріп, қаламгердің ашық оң бағалауы нәтижесінде жағымды модальділік
тудырған.
Ал эпиграфтардың көлемі, типі, саны, ондағы ақпардың түрі, алынған
дереккөзі әр алуан болғанмен, олар мәтін семантикасын ашуға, түсінуге,
қабылдауға, интерпретациялауға тікелей әсер етеді. Басқаша айтқанда,
эпиграф мәтінді интерпретациялау бағытын көрсетеді. Мәселен, А.
Сүлейменовтің «Ситуация» повесіне эпиграф ретінде Грэм Гриннің
әңгімесінен алынған сентенция қолданылса, Т. Әбдіковтің «Парасат
майданы» шығармасына екі эпиграф берілген, бірі – Гамлеттің монологінен
үзінді, ал екіншісі – авторлық афоризм. Поэзиялық туындыларға алынған
эпиграфтар әрі өлең, әрі қара сөз түрінде болуы мүмкін. Г. Салықбайдың
«Шайхы» өлеңдер циклына берілген екі эпиграфтың бірі қаламгер сөз арнап
отырған Ахмет Иассауидің өзінікі, ал М. Мақатаевтың атақты «Бақыт деген»
өлеңінің эпиграфына баласының сөзі жұмсалған:
Достарыңызбен бөлісу: