137
сипаттағы мазмұндық-астарлы ақпарды вербалдайды, сондықтан автоцитата
терминін анықтауда біз О. Роненнің анықтамасын ұстанамыз.
Докторлық диссертациясында автоцитацияға жеке бөлімше арнаған
ресейлік ғалым Н.В. Семенова бұл құбылыстың көркем шығармадағы қызметі
туралы кейбір зерттеушілердің (18; 148) пікірлерін келтіре отырып:
«Автоцитация фактісі автоцитатаның пародиялық қызметте қолданылуы
арқылы дәлелдене алады» дейді де, өз тұжырымын Набоков мәтіндерінде
барлық деңгейде кездесетін автопародия арқылы дәйектейді [57, 224]. Ғалым
автоцитаталар «басқа да қызмет» атқара алатынын көрсеткенмен, пікірін
тереңдетпейді. Біздің ойымызша, автопародия әдеби үдерісте мейлінше сирек
кездеседі, сондықтан автоцитата претекст және интертекст тұрғысынан,
олардың бір-бірімен семантикалық байланысының вербалдануы тұрғысынан
қарастырылуы қажет. Бір автор шығармашылығындағы мәтіндерді салыстыру
нәтижесінде қайтсе осы мәселе туындайды, өйткені оның мәтіндері арасында
«басқаларына қарағанда (жанасатын, түсіндіретін) метатекст – немесе
автоинтертекст
- рөлінде көрінетін бір мәтін болады, немесе бұл мәтіндер бір-
бірінің мән-мағынасын өзара толықтырып, әрқайсысының беткі семантикалық
өзгерулерін көрсетіп, мәтін-метатекстік тізбек құрайды...» [100, 91].
Автоцитацияның көрінісі әр түрлі болады, кейбір шығармаларда қаламгер
өзінің бұрынғы шығармасында қолданған сөз, сөз тіркесі немесе сөйлемге
вербалды түрде сілтеме жасаса, кейбір шығармаларда ондай маркерлер
берілмейді. Ондай байланыстарды оқырман өз тарапынан орнатуы керек.
Мысалы,
Сіз – тау, жартас,
Достарыңызбен бөлісу: