мүшелер, мүшелер жүйесі қызметін күшейтеді. Мысалы, тамақ ішкеннен кейін ас қорыту мүшелері қызмет
атқаруына байланысты оларға қоса жүрек-қантамырлар, тыныс алу, зәр шығару жүйелерінің қызметі күшейеді.
Мұндай жағдайда сыртқы ортаның әсері денедегі ұлпаларды, жасушаларды тітіркендіреді.
Адам денесіндегі көпшілік тірі клеткалардың тітіркену қасиеті болады.
Тітіркену
деп
сыртқы және ішкі
орталардың түрлі әсерлеріне жауап беру қабілетін айтады. Сыртқы және ішкі орталардың әсерін
тітіркендіргіштер
деп атайды. Тітіркендіргіштерді төртке бөледі: физикалық,
химиялық, физико-химиялық,
биологиялық.
Физикалық тітіркендіргіштер
деп түрлі механикалық (соққы, шаншу, қысым, температура) және
электрлік әсерлерді айтады.
Химиялық тітіркендіргіштерге
тамақтың құрамындағы органикалық және бейорганикалық заттар,
дәрілер, улы заттар,
қышқылдар, сілтілер тәрізді заттардың әсері жатады.
Физико-химиялық тітіркендіргіштерге
ерітінділердегі заттардың парциалды қысымы, осмостық қысымы,
иондардың және түрлі заттардың концентрасиясы жатады.
Достарыңызбен бөлісу: