Партада дұрыс отырмаса баланың көкірек қуысы тарылады да, өкпе мен жүректің
дамуы
нашарлайды.
Аяқ-қол сүйектері –
адам денесінің екі белдеуін құрайды: иық және жамбас белдеулері.
Иық белдеуін
жауырын және бұғана сүйектері құрайды. Жауырынның
сыртқы бұрыштары иық
басы сүйектері арқылы қол сүйектерімен жалғасады. Алдыңғы жағында бұғана сүйегімен жалғасады.
Жауырын
– жалпақ қос сүйек, ол омыртқа және қабырға сүйектерімен бұлшық ет арқылы жалғасқан.
Жауырын сүйектері жігіттерде 19-20, қыздарды 18 жаста қатаяды.
Бұғана
латынның S әрпі тәрізді иілген сүйек. Бала туар алдында оның төс жақ ұшынан басқа жері
сүйекке айналып үлгереді. Ал төс жақ ұшының сүйектенуі жігіттерде 24, қыздарда 23 жаста аяқталады.
Достарыңызбен бөлісу: