сүйемел сөздер деп
атадық.
Сүйемел сөздер фразеологизмдердің қатарына кірмейді. Олар еркін
қолданыста жүрген белгілі
бі р сөз дер тобы. Мысалы, жел аяқ, жел жет- пейтін, табаны жерге тимейтін, алдына қара салмайтын тіркестерінің
сөйлем ішінде нақты жұмсалына, мағынасын айқындай түсуге
жүйрік сөзі сүйемел сөз ретінде тұрады. Сол сияқты
ат үсті, қалай болса солай, нем кетті тіркестері тек
қарау етістігімен ғана тіркесіп, жұмсалады.
Немесе бір нəрсеге, кейде
кісіден көз алмау, ішіп-жеп бара жатыр, жеп жібере жаздау, жеп жіберердей, көзі өңменінін өту, көзінің сұғын қадау, оқты көзімен ату – фразеологизмдеріне да
қарау етістігі сүйемел
сөз ретінде тұрады» (Смағұлова, 1998, 41).
Сонымен, қазақ фразеологиясының синтагматикалық аспектілерін-
дегі:
ü
фразеологизмдердің тіркесімділік шектері,
ü
синтагмалық оралымдары,
ü
сүйемел сөздер
арқылы тұрақты тіркестрдің өте күрделі синагматикалық байланыстарын
айқындауға болады.
Мысалы,
БАРМАҒЫН ШАЙНАУ/ ТІСТЕУ – өкінді, аса қатты қынжылды деген мағынада. Бұл тіркесте
бармақ сөзі тек
шайнау, тістеу етістіктерімен ғана тіркеседі. Фразеологизмнің жұмсалу қызметі бойын-
ша, тіркесімділік дұрыс сақталған. Синтагматикалық қатынаста шындық
болмыс пен ойлау, тілдік форманың болуынан, сөздердің бір-бірімен
мағыналық үйлесуінің арқасында фразеологиялық мағына жасалған.
Егер етістіктердің орнын «ауырту» сөзінмен ауыстырса, мағына мүлде
бұзылады. Бұл арада шайнау, тістеу етістіктері өмірдегі жағдаяттарды
нақты сипаттауымен ерекшеленіп тұр. Бұл ретте синтагматикалық бай-
ланыс екі жақты: ішкі жəне сыртқы байланыс міндетті түрде сақталуы
тиіс. Өйткені айтушының логикалық ойлауы осындай тілдік форманы
қажет етіп тұр.
Мысалы:
•
Бармақ шайнап, сан соғып, құсамен өткен өмір ғой – бұл да бір. (Қ.Ж.) •
... Ақбала тұрып кетіп қалды. Өз