Монография «Елтаным баспасы»



Pdf көрінісі
бет132/162
Дата10.12.2023
өлшемі14,19 Mb.
#136035
түріМонография
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   162
Байланысты:
Монография «Елтаным баспасы»

мұрнынан шаншылып 
"
 
жүру 
сүйемел 
сөзбен байланысы с ы р т қ ы л е к с и к а л ы қ с и н т а г м а т и к а-
ғ а жатады.
Фразеологиялық тұлғалардың өз ішінде тіркесу ерекшеліктеріне 
қарай і ш к і л е к с и к а л ы қ с и н т а г м а т и к а ғ а мысал:
• Тұла бойын ашу құрсап, қолдары сіресіп, тістері шықырлап кетті. 
«Əттең, өзім…» Біреуге айтып, 
жонынан таспа тілдіріп алар
ма еді? – деп күбірледі. Иə болмаса қасиетсіз сілімтік, ез сорлы-
ны айғайлап, қайта шақырып алып, 
ит терісін басына
қаптаса 
қайтеді?… 
(Ж.Самитұлы) 
Фразеологиялық синтагматика стилистика мəселелерімен де тығыз 
байланысты. Тұрақты тіркестердің стилистикалық сипаты 
 
олардың 
қолданылу прагматикасына байланысты.
Мысалы: 
ЕКІ ӨКПЕСІН ҚОЛЫНА АЛЫП ЖҮГІРУ – асығу. 
Төменде 
келтірілген мысалдарда фразеологиялық мағына 
асығу
сөзіне 
"
 зыту 
"
 ентігу
етістіктерінің стилистикалық сипатына қарағанда экспрессия-
сы жоғары. Бұл арада семантикалық компенсация емес, стилистикалық 
компенсацияның мəні зор. 
• 
Екі өкпесін қолына алып
 зытып бара жатқан серігіне зеңбірек 
оқтаушы əлдене деп айқайлады да, секем алғандай артына 
бұрылды. (Т.Ахтанов)
• 
Төртінші күні Ордостан 
екі өкпесін қолына алып
, ентігіп ша-
барман топ алдында өліп жатқан Əміршісін көріп, аңырайып 
тұрып қалды. (Ə.Кекілбаев.)
• 
Оқыс олжаға балаша қуанған Кəрекең 
екі өкпесін қолына алып

үйдегі Наршасына жетеді асығып. (Ə. Асқаров)
• 
Екі өкпесін қолына алып
көк тұмсыққа жетті-ау ақыры. 
(Ə. Кекілбаев).
Қазақ тіл білімінде осы уақытқа дейін фразеологизмдердің құрамы 
бірліктердің ішкі құрылымы, олардың сөйлем мен сөз тіркесі құрылымына 
сəйкес келуі мен сəйкес келмеуі тұрғысынан зерттелініп келген-ді. Алай-
да тілдік бірлік ретіндегі фразеологияның өзіндік нысанын анықтауда 


199
жəне лексикалық, фразеологиялық бірліктердің байланыстарын орна-
туда ішкі нақты құрылымдық байланыстардың маңыздылығын анықтау 
қажет. Бұл ретте басқа тіркес түрлерінен айырмашылығы бар, тұрақты 
тіркестрге тəн ерекшелігі бар конструкциялар жасалатынына назар ауда-
рылуы керек. Фразеологиялық синтагматикада тіркесімділік пен оралым 
терминдерінің ара-жігін айрып алған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет