10
туралы», «Мәңгi әлем туралы ойлар», «Қоғамдық келiсiм немесе саяси қҧқық принциптерi
туралы» еңбектерi бар.
Ол табиғи жағдайда жеке меншiк болмайды, барлық адам еркiн және тең деп санады.
Жеке меншiк пен әлеуметтiк теңсiздiктiң пайда болуынан табиғи теңдiк бҧзылды, байлар мен
кедейлер арасында кҥрес басталды деп жазды. Ж.Ж. Руссо
халықтар мен билеушiлер
арасындағы нағыз келiсiм, саяси организм қҧру концепциясын ҧсынды. Бҧл концепция
бойынша әркiм ӛзiнiң жеке мҥддесi мен тҧлғасын, ӛзiнiң барлық кҥшiн
жалпы игiлiкке бере
отырып, тҧтастың бӛлiнбес бӛлiгiне айналады. Ж.Ж. Руссо қоғамдық шарт концепциясында
теңдiк пен меншiк мәселелерiндегi қайшылықтарды шешудiң жолдарын iздестiредi.
Атқарушы билiктi кiмнiң атқаруына қарай Ж.Ж. Руссо басқарудың демократиялық,
аристократиялық, монархиялық тҥрлерiн ҧсынады. Барлығында
егемендiк пен заң шығару
халықтың қолында болады. Ж.Ж. Руссо демократиялық басқару шағын мемлекеттер ҥшiн,
аристократиялық басқару орта мемлекет ҥшiн, монархия iрi мемлекеттер ҥшiн тиiмдi басқару
формасы деп санады.
Достарыңызбен бөлісу: