Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері



Pdf көрінісі
бет107/303
Дата10.12.2023
өлшемі8,71 Mb.
#136434
түріОқулық
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   303
Байланысты:
О улы Тараз 019 ож 37. (075) (1)

Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері: 
өзін-өзі бағалау; өзін-өзі тану, зерттеу;
 
өз ісіне 
өзінің талдау жасап, есеп беруі, міндеттеме-жүктемелер алуы;
 
өзін-өзі сендіру;
 
өз қызметін өзі ұйымдастыру;
 
өз сенімі;
 
өзін-өзі жаттықтыру;
 
өзін-өзі сынау, 
жазалау;
 
өзін-өзі қошеметтеу, құрметтеу, мадақтау.
 
Өзін-өзі бағалаудың
негізін жеке адамның өзі қабылдаған құндылықтар 
жүйесі, тұлғаның жеке маңыздылықтар жүйесі құрайды. Өзін-өзі бағалау 


115 
адамның өзін басқа адамдармен салыстыру арқылы қалыптасады және осындай 
салыстыру табиғи түрде жүргізіледі.
Өзін-өзі нақты бағалау өзін-өзі тәрбиелеудің мақсаттарын дұрыс 
құрастыруға мүмкіндік береді. Тұрақты және жаңа ақпараттар әсеріне, 
жинақтаған тәжірибесіне, қоршаған адамдардың пікірлеріне байланысты өзгеріп 
отыратын бейімделгіш өзін-өзі бағалау түрі адамның дамуы мен тиімді еңбек 
етуі 
үшін 
ең 
қолайлы 
бағалау 
болып 
саналады. 
Өзіне-өзі бұйыру
дегеніміз адамның өзіне-өзі берген қысқа, үздік-үздік 
үкімі. Өзіне-өзі бұйыру адам өзін нақты бір іс-әрекет жасау керектігіне сендіріп, 
енді басқаша әрекет жасауға болмайды деп сезгенде ғана қолданылады. 
Өзін-өзі бақылау
– адамның өз іс-әрекеттерін, психикалық процестер мен 
көңіл-күйлерін түсінуі, бағалауы және реттеуі.
Өзін-өзі түзету
адамға өз мінез-құлқын, кемшіліктерін, қателіктерін және 
басқа адамдарға деген қарым-қатынасын өзгертуге мүмкіндік береді. Өзін-өзі 
түзету адамның өзіне сын тұрғысынан қарауына байланысты болады. 
Өзіндік даму
- өзіндік ерекшелігімен өзгешеленетін үрдіс. Өзіндік даму 
дегеніміз – өзін-өзі тану, өзін-өзі анықтау, өзін-өзі бағалауды дамытудың белгілі 
бір деңгейінің нәтижесі. 
Оқушының өзін-өзі тәрбиелеу ісіндегі мұғалімнің педагогикалық қолдауы: 
-
оқушыларға өзін-өзі тәрбиелеуге кеңес беру, тапсырмалар мен міндеттер 
белгілеу, нұсқау беру; 
-
оқушылармен оңтайлы қарым-қатынас орнату; 
-
оқушылардың іс-әрекетін, қызметін обьективті бағалау; 
-
өзін-өзі тәрбиелеуді ұйымдастыруға шығармашылық қатынас жасау; 
-
жеке басының өнегесі, үлгісі, ықпалы; 
-
жеке басының беделін пайдалану. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   303




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет