Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)



Pdf көрінісі
бет106/303
Дата10.12.2023
өлшемі8,71 Mb.
#136434
түріОқулық
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   303
Байланысты:
О улы Тараз 019 ож 37. (075) (1)

ағзаның 
жедел дамуы
. Бұл құбылыстарды 
акселерация
деп аталады.


114 
Акселерацияға тән ерекшелік – балалардың бойының, салмағының бұлшық 
еттерінің жедел түрде өсіп жетілуі. Акселерацияның ақыл-ой дамуына ықпал 
жасайтындығы байқалуда. Сонымен адамның дамуы өзара байланысты бірнеше 
факторлардың ықпалымен жүретін күрделі педагогикалық, психологиялық 
процесс болып табылады. 
 
Білім алушыларды дамытуда, оқытуда, өзін-өзі тәрбиелеуде, өзін-өзі 
дамытуда педагогикалық қолдау көрсету. Білім берудегі инклюзивті тәсіл 
және оны Қазақстанда іске асыру.
В.И.Андреев даму мен өзін-өзі дамыту процесінің 2 ерекшелігін атап өтеді: 
тұлғаның өзгерісі сырттан емес, оның өзіне-өзінің ішкі мақсатқа бағытталған 
әсерінен болады; өзгерістер тек қана мотивте, интеллектуалды, эмоционалды 
аймақта ғана болмайды, сондай-ақ, барлық «өзіндік» процестерде жүреді: өзін-
өзі тану, өзін-өзі анықтау, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі өзектендіру, өзін-өзі 
басқару.
Даму – бір күйден екінші күйге өту процесі, ескі сапалық күйден жаңа 
сапалық күйге өту, қарапайымнан күрделіге өту, төменнен жоғарыға өту. 
Дамудың қозғаушы күші – жеке тұлғаның қажеттілігі, оның мотивациясы, 
сондай-ақ, іс-әрекет пен қарым-қатынастың сыртқы ынталандыруы. 
Өзін-өзі дамыту – өзін-өзі өзгерту мен шығармашылық идеяларды іздеуге 
мақсатты бағытталған саналы түрде мотивацияланған процесс. Өзін-өзі 
дамытудан дамытудың ерекшелігі – ол кездейсоқ жүреді және ішкі қарама-
қайшылықтарды шешу нәтижесінде тұлғалық сапалардың өзгерісі байқалады. 
Өзін-өзі дамытудың барлық сатысы: өзін-өзі тану, шығармашылық пен өзін-өзі 
анықтау, шығармашылықпен өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі басқару бір-бірімен 
тығыз байланысты және біртұтас күрделі жүйені құрайды.
Ғалым В.И.Андреев тұлғаның өзін-өзі басқаруына қатысты 9 мағыналы 
қабілеттерді ажыратады: өзін-өзі тану қабілеті, өзін-өзі анықтау қабілеті, өзін-
өзі ұйымдастыру қабілеті, өзін-өзі белсендіру қабілеті, өзін-өзі сендіре алу 
қабілеті, өз бетінше іс-әрекет жасай алу қабілеті, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі 
бағалау, өзін-өзі жетілдіру. 
Өзін-өзі тәрбиелеу адамның рухани қажеттіліктерін қалыптастыруға 
бағытталған. Өзін-өзі тәрбиелеу өзін-өзі бағалаудан басталады. Өзін-өзі 
тәрбиелеу – адамның өзінің жеке басының қасиеттерін шыңдау, жақсарту 
бағытында жүргізілетін мақсатты қызметі: өзіндегі ұнамсыз, жағымсыз мінез-
құлықты, қасиетті жеңуге, ұнамды қасиеттерді қалыптастыруға, жетілдіруге 
бағытталған жүйелі де саналы іс-әрекет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   303




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет