120
педагогикалық процестің кезеңдері, педагогикалық инновациялар, қазіргі кезең
мектебінің мұғалімі.
Педагогикалық процесс – тәрбие процесінің негізгі құрылымдық бірлігі,
оның ерекшелігі сол – ол тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара іс-әрекетінің
педагогикалық жүйесін анықтай түседі: егер тәрбие процесі ұғымы тұлғаны
қалыптастыратын барлық мақсатты бағытталған әсерлердің жиынтығын өзіне
біріктірсе, ал педагогикалық процесс ұғымы алдын ала ұйымдасқан тәрбиелік
өзара іс-әрекеттерді бейнелейді.
Педагогикалық
процесс
білім беру, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін
шешуге бағытталып, арнайы ұйымдастырылған мұғалім мен оқушы
арасындағы өзара ықпалды қызметті атқарады, яғни педагогикалық процесс –
бұл арнайы оқу мен тәрбиенің бірлігін қамтамасыз ету жолымен кең мәндегі
тәрбиені іске асыруды көздеген біртұтас
процесс.
Педагогикалық процесс – бірнеше элементтен құралатын жүйе.
Педагогикалық процестің 3 құрылымы болады: педагогикалық, әдістемелік,
психологиялық. Педагогикалық процестің педагогикалық құрылымы: мақсат –
принциптер – мазмұн - әдістер – құралдар – форма.
Мақсат – ұстаз бен шәкірт арасындағы педагогикалық қатынастардың
нәтижесі. Принциптер – мақсатқа жету жолдарын анықтайды. Мазмұн –
мақсатқа жету жолында оқушыларға берілетін тұлғалар тәжірибесінің бөлігі.
Әдістер – мұғалім мен оқушының мазмұнды жетілдіру-қабылдауға арналған іс-
әрекеттері. Құралдар – мазмұнмен жұмыс жасайтын материалдық тәсілдер мен
әдістер.
Педагогикалық процестің психологиялық құрылымы: танымдық процестер
(қабылдау, ойлау, есте сақтау, ақпарат сіңіру), оқуға қызығушылық (оқуға
қызығуды, қабілетті, ынтаны айқындау), қуат (көтеріңкі не түсінкі, дене мен
күш-қуаты, белсенділік, еңбекқорлық не шаршау динамикасы).
Достарыңызбен бөлісу: