Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Орта білім беруді жүргізу мекемелерінің типтері



Pdf көрінісі
бет13/303
Дата10.12.2023
өлшемі8,71 Mb.
#136434
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   303
Байланысты:
О улы Тараз 019 ож 37. (075) (1)

Орта білім беруді жүргізу мекемелерінің типтері. 
Батыс Еуропада, Латын Америкасын мен Африканың бірнеше 
мемлекеттерінде, Ресей Федрациясында жалпы білім беретін орта мектептер 
лицей деп аталады.
Қазақстан Республикасында бұл көбінесе жетілдірілген, дамытылған, 
арнаулы мамандандырылған оқу орынын көрсетеді. 
Лицей 

 
білім 
берудің баламалы нысаны; негізгі және қосымша жалпы 
білім беру бағдарламалары мен жоғары басқыштағы оқушылар үшін кәсіби 
бағдары бар оқытуды жүзеге асыратын орта жалпы 
білім
 беретін оқу орны.
Гимназия – негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске 
асыратын, оқушыларды олардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес тереңдетіп, 
салаға бөліп, саралап оқытуды көздейтін, жалпы орта білім беретін оқу орны. 
Қазақстан Республикасындағы шағын комплектілі мектептер.
Орта білім Қазақстанның адами капиталын қалыптастыруда басты рөл 
атқарады, себебі ол негізгі деңгей және оны тегін алу құқығы мемлекетпен 
кепілдендірілген. Орта білім сапасына қойылатын қазіргі заманғы талаптар 
білім берудің қазіргі заманғы ұлттық үлгісін қалыптастыру мен оны әлемдік 
білім беру кеңістігіне кірігуін қажет етеді.
Қазақстандық білім беру жүйесінің ерекшілігі – шағын комплектілі 
мектептердің (ШКМ) болуы. Қазақстанның 7576 жалпы орта білім беретін 
ұйымының 4288-і ШКМ, бұл жалпы санның 56,5%-ын құрайды. Ауылдық жерде 
- 4139 (68,6%) ШКМ.
Соңғы 15 жылда негізгі ШЖМ-ның саны 2 есеге көбейді. Әрбір төртінші 
мұғалім ШКМ жағдайында жұмыс істеп, әрбір алтыншы қазақстандық оқушы 
ШКМ жағдайында білім алады.
ШКМ – бұл оқушылар саны аз және оқу сабақтарын ұйымдастыру түрлері 
ерекше болып келетін жалпы білім беретін мектеп. Шағын комплектілі 
мектептердің басты мәселесі – қосалқы сыныптарда оқу өткізудің 
қолайсыздығы, арнайы ғылыми-әдістемелік кешендердің болмауы, кәсіптік 
білім беруді ұйымдастыруға мүмкіндіктің жоқтығы. 
ШКМ қызметін жетілдіруде, сапалы білім беруде инновациялық 
технологияларды қолдану арқылы біріктірілген сыныптарда мазмұны ұқсас 
тақырыптарды кіріктіре оқыту мәселесіне, яғни интеграцияға ерекше назар 
аударылып отыр. ШКМ-і интеграция – бұл бірнеше ұқсас пәндердің бір пәнге 
бірігуі. Интеграциядағы пәнаралық байланыс тәсілдерінің төмендегідей 
түрлерін атап өтуге болады: 

бір пәннің материалын екінші пәнмен байланыстырып, мазмұны 
жағынан ұқсас тақырыптарды біріктіру; 

бір пән бойынша тақырыпты түсіндіру үшін басқа пәннен алынған 
білім арқылы толықтыру; 


14 

бір пәннің материалын екінші бір пәнге практикалық жаттығу ретінде 
пайдалану. 
ШКМ-те бір мұғалім бірнеше пәнді оқытуы мүмкін, ал мектеп басшысы 
әкімшілік міндеттемелерді оқыту қызметімен ұштастыра алуы тиіс. ШКМ-ке 
оқушы саны аз сыныптары бар (5-8 оқушыдан артпайтын), сондай-ақ 
құрамында шағын комплектілі бастауыш сыныптары бар негізгі және орта 
мектеп жатады. Мектептің бастауыш сатысында оқушыларды сынып-кешенге 
біріктірудің төмендегідей нұсқалары болуы мүмкін: 2+3; 2+4; 3+4. 
Ең тиімдісі 2 және 4 сынып оқушыларын біріктіру болып табылады. 
Бірінші сынып оқушыларын сынып-кешендер құрамына енгізбеген дұрыс. 
Өйткені бұл кезеңде баланың мектепке күнделікті оқуын қамтамасыз етуге 
мүмкіндік беретін дене және психикалық-физикалық дамуы жүріп жатады. Бұл 
жастағы балалар болмашы нәрсеге алаңдағыш, зейінін ұзақ шоғырландыруға 
қабілеті дамымаған, қозғыш, еліктегіш болады. 
Шағын комплектілі мектептерде білім сапасын арттыру үшін оларды тірек 
мектепке – ресурстық орталыққа шоғырландырады. 
Ресурстық орталық – базасында жақын маңдағы ШЖМ-дің білім беру 
ресурстары шоғырланатын білім беру ұйымы. Әрбір ресурстық орталыққа 
бірнеше ШЖМ бекітіледі. ШЖМ-дағы балалар үш рет (оқу жылының басында, 
ортасында және соңында) он күннен (сессия) тірек мектепте білім алады әрі 
онда аралық және қорытынды аттестаттау тапсырады. Сессияаралық кезеңде 
ШЖМ-да оқыту тірек мектеп мұғалімдерінің қатысуымен және қашықтықтан 
оқыту технологияларының көмегімен жүргізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   303




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет