8
- мәдениаралық қатынастың кеңеюі, ақпараттық қоғамға өту;
- халықаралық ынтымақтастық нәтижесінде ғана шешілуі мүмкін басты
мәселелердің туындауы және өсуі;
- қоғамның демократиялануы;
- экономиканың динамикалы дамуы, бәсекелестіктің өсуі;
- адамзат капиталы мәнінің артуы.
Үздіксіз, ашық білім беруге ауысу - қазіргі білім берудің дамуындағы
жетекші дүниежүзілік тенденциялардың бірі.
Қазіргі білім жүйесінің негізгі кемшіліктері:
Білім мазмұны:
мұғалім оқушыға дайын (өңделген) ақпаратты береді;
оқушыны пәндер бойынша білім, білік пен дағдыны жай меңгеруге бағыттайды.
Оқу процесіндегі қарым-қатынас
: мұғалім мен оқушының арасында
субъективті-объективті қарым-қатынастың басым болуы, мұғалім мен оқулықты
оқу ақпаратының көзі ретінде қабылдауда оқушы рөлінің енжарлығы;
Оқу нәтижелері
: оқушы қызметінің репродуктивті деңгейі;
оқушылардың пәндерден білім, білік және дағдыларын бағалаудағы
қалыптасқан саны.
Жаңа ғасырда төмендегідей қажетті аса маңызды дағдылардың дамуын
қамтамасыз ету міндеттерін шешу көзделеді:
- үздіксіз, ашық білім беруге ауысу;
-
сыни тұрғыдан ойлау және туындаған мәселелерді шеше білу;
-
ұжымдық жұмыс және көшбасшылық қасиеттері;
-
икемділік, бастамашылық және кәсіпкерлік дағдылар;
-
өз ойын ауызша және жазбаша, сауатты жеткізе білу;
-
ақпаратты іздеу, таба білу қабілеті және білімге құштарлық.
Достарыңызбен бөлісу: