10
қалыптастыру үшін білім беруді дамытудағы стратегиялық басымдылықтарды
белгілеу.
Тұжырымдаманың міндеттері:
-
білім беруді басқаруды одан әрі демократияландыру негізінде
Қазақстандық білім беру моделінің жұмыс істеуінің заңнамалық, нормативтік-
құқықтық базасын жетілдіру;
-
білім берудің мазмұны мен материалдық-техникалық базасын
жаңарту;
-
білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін құру;
-
білім беруді, ғылым мен өндірісті ықпалдастыру;
-
кәсіптік білім берудің сапасын арттыру үшін нақты экономика
салаларын тартудың тетіктерін құру;
-
әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдасу.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасында сапалы білім беру кезек күттірмейтін
мәселе ретінде қарастырылады.
Бағдарламаның басым бағыттары:
мемлекеттің әрбір мүшесіне сапалы білім алуды қамтамасыз ету;
қазақстандық патриотизм, толеранттылық, жоғары мәдениеттілікке
тәрбиелеу;
экономиканың барлық салалары үшін жоғары білікті, бәсекеге
қабілетті кадрларды даярлау сапасын арттыру;
білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін құру;
білім берудің бірыңғай ақпараттық ортасын қалыптастыру;
білім беру, ғылым және өндірістің интеграциясы және т.б.
ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес, ҚР білім беру жүйесі білім беретін оқу
бағдарламаларының үздіксіздігі төмендегідей білім беру деңгейлерін қамтиды:
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту;
Бастауыш білім беру;
Негізгі орта білім беру;
Орта білім беру (жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім
беру);
Орта білімнен кейінгі білім беру;
Жоғары білім беру;
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру (2-сурет).
Қазақстан
Республикасындағы білім беру жүйесінің мазмұның
анықтайтын құжаттар: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары,
тұжырымдамалары; оқу бағдарламалары; оқу жоспарлары.
Достарыңызбен бөлісу: