15
Дүниежүзінде инклюзивті білім беру мен оқытуда алдыңғы қатарда тұрған
мемлекет – онша бай емес мемлекет Италия. Италияда ерекше дамып келе
жатқан 4 балаға 1 педагогтан келеді. Егер сыныпта көзі көрмейтін, не құлағы
мүлде естімейтін бала болса,онда барлық сыныптың оқушылары Брайль
әліппесін үйренеді және ишаратпен түсіндіруді үйренуі тиіс. Ең бастысы –
жылулық пен қамқорлықты сезіну. Италияда 1992 жылғы шыққан заң тек қана
балаларды әлеуметтендіру мәселесін қайталайды, сондай-ақ академиялық
пәндерді сапалы оқытуды да көздейді.
Ал 2003 жылдан бастап Италияның Білім беру министрлігі барлық мектеп
директорларын жұмыстан қол үзбей инклюзивті білім беретін жолдарын
қарастыратын курстарға қатысуды міндеттейді, ал жалпы білім беретін мектеп
мұғалімдері жылына 1 рет 40 сағаттық инклюзивті білім беру бойынша кәсіби
біліктілікті арттыру курстарын өтуге міндетті. Кейбір мемлекеттерде, атап
айтқанда Канадада мектептің жалпы бюджетінің бір бөлігі – интеграцияға
бөлінеді.
Интеграция – (латын сөзі
integration
, тікелей аудармасы – қалпына келтіру,
толықтыру) қандай да бір бөліктің, элементтердің тұтасқа бірігуі.
Интеграцияның анықтамасынан көрініп тұрғандай,
интеграция
– бұл қалыпқа
келтіру, толықтыру; жеке тұлға мен топтардың әлеуметтік бірлестікке бірігуі;
физикалық-психологиялық ерекшеліктері бар балаларға көмек .
Шетелдерде инклюзивті білім беруде тек педагогтер қатыспайды. Олар:
мектептің оқушылары; ата-аналар; жоғары сыныптың оқушылары; жергілікті
колледж пен педагогикалық жоғары оқу орындары; қоғамдық мекемелер және
т.б.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында инклюзивті білім
беру бойынша игі жұмыстар қолға алынуда.
Достарыңызбен бөлісу: