173
Тәрбиенің сапалық деңгейі тәрбие жұмысын мақсатты, жүйелі,
кәсіби
шеберлікпен жүргізуімен анықталады. Қазіргі кезеңде жеке тұлғаның бойында
толеранттылықты қалыптастырудың төмендегідей принциптерін басшылыққа
алған жөн:
-
тұлғаның қателікке бой алдырмауы және мектеп Жарғысының аясында
жеке бастың құқығын мойындау;
-
тұлғаның жеке көзқарасы, принциптері, адамдар мен айналадағы дүниеге
қарым-қатынасы болу құқығын мойындау, толерантты болу.
Толеранттылық
(лат. tolerantia – төзім) – қайсыбір жағымсыз факторға
жауап
әрекеттің болмауы не бәсеңсуі; оның әсеріне сезгіштіктің төмендеуінің
нәтижесі. Мысалы, алаңдауға толеранттық қатерлі жағдаятқа эмоцияның үн
қату табалдырығының көтерілуінен көрінеді, ал сырттай – ұстамдылықтан,
сабыр сақтаудан, бейімдеушілік мүмкіндіктерді төмендетпестен,
жағымсыз іс-
әрекеттерге ұзақ уақыт төзуге қабілеттіліктен байқалады.
Толеранттылық рухани, адами, идеялық, діни көзқарастар менің
ұстанымдарыма
жат
болса
да,
қабылдаймын
дегенді
білдіреді.
XVIII ғасырдағы француз жазушысы және философ Вольтер: «Сіздің пікіріңіз
маған жат, бірақ сізге оны жақтау үшін мен өмірімді құрбан етуге дайынмын» –
деген. Ол – толеранттылықтың басты қағидаты. Бұл адамдар арасында өзара
сыйластықты, мейірбандықты білдіреді. Сондықтан толеранттылық екі жақты
сана: мемлекеттер, діндер, этностар, жеке адамдардың бір-біріне шапағат жасай
білуі.
Достарыңызбен бөлісу: