186
Тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері. Тұлғаның тәжірибесі мен
мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру әдістері.
Жеке адамның қоғамдық санасын қалыптастыру әдістеріне сендіру,
пікірталас, түсіндіру, этикалық әңгімелер жатады.
Сендіру
дегеніміз – оқушылардың ақыл-ойы мен сезімін жандандыру,
адамгершілік жайлы түсініктер мен ұғымдарын қалыптастыру және жағымсыз
қылықтарын жою мақсатында олардың санасына, сезімі мен ерік қайратына
жан-жақты әсер ету.
Сендіру әдісінің негізгі қызметі, ерекшелігі – ол арқылы жеке бастың
сенімі қалыптасады. Сендіру – оқушының тек қана санасына, сезіміне ықпал
жасау ғана емес, әрі оның міне-құлқына, әрі әрекетіне де ықпал жасауды
көздейді.
Пікірталас
әдісі көбіне жоғарғы сыныптарда кеңінен қолданылады.
Пікірталас оқушылардың сенімдерін ой елегінен өткізуге, дербес пайымдауға
үйретеді, оқушылардың ойын, сөйлеу логикасына негіздей білуге тәрбиелейді.
Көкейкесті мәселелерді талқылау арқылы оқушылар өз көзқарастарының
дұрыстығын не бұрыстығын түсінеді.
Түсіндіру әдісі
бойынша оқушыға адамгершілік, эстетикалық, саяси, еңбек
тәрбиесі ұғымдары туралы түсінік беріледі. Оқыту процесінде әр пәннің оқу
материалына байланысты айтылуымен қатар арнайы тәрбиешілік мақсат
көзделіп, оқушыларға патриотизм, гуманизм, парыз, міндет, ар-намыс,
парасаттылық, кішіпейілділік, қайырымдылық, жауапкершілік, тәртіптілік,
ынта-ықылас, ерік-жігер және т.б. туралы түсіндіріледі.Түсіндіру формалары
алуан түрлі: әңгіме, көрсету, оқушылар шығармалары.
Достарыңызбен бөлісу: