Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Тәрбие әдістерін жіктеу және оларды дайындаудың өлшемдері



Pdf көрінісі
бет165/303
Дата10.12.2023
өлшемі8,71 Mb.
#136434
түріОқулық
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   303
Байланысты:
О улы Тараз 019 ож 37. (075) (1)

Тәрбие әдістерін жіктеу және оларды дайындаудың өлшемдері.
Тәрбие тәсілі – тәрбие әдісінің жеке бір бөлігі. Ал нақтылы жағдайда 
тәрбие тәсілі, тәрбие әдісінің әрекетін, қажеттілігін, тәрбиелік мәнін 
айқындайды.
Тәрбие әдістерін Т.Е.Конникова, Г.И.Щукина 3 топқа, В.А.Сластенин 4 
топқа, Ю.К.Бабанский 3 топқа төмендегідей бөліп қарастырады (78-сурет). 


185 
 
Сурет-78. Тәрбие әдістерінің жіктемесі 
 
Жіктеу – арнайы белгілері арқылы құрастырылған жүйе. Әдістерді жіктеу 
олардың жалпы және өзіне тән, маңызды мен кездейсоқ, теориялық пен 
тәжірибелік жақтарын анықтауға көмектесіп, оларды дұрыс таңдап, нәтижелі 
қолдануға әсер етеді. 
Педагогикада ғылыми зерттеушілердің еңбектерінде тәрбие әдісі түрліше 
топтастырылады. Ғалым педагогтер 
– Н.И.Болдырев, Н.К.Гончаров, 
Ф.Ф.Королев және т.б. тәрбие әдісін классификациялауда сендіру, жаттығу, 
мадақтау және жазалау әдістерін жеке бөліп қарастырады.
Ал, Т.А.Ильина, И.Т.Огородников және т.б. тәрбие әдісін топтастыруда 
сендіру әдісімен қатар оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру әдісін және 
олардың мінез-құлықтарын ынталандыру әдістерін қоса қарастырады. 
Г.И.Шукина өзінің оқулығында тәрбие әдістерін қазіргі теориялық негіздерге 
сүйеніп талдау жасайды.
Ю.К.Бабанский бойынша, тәрбие әдісі оқушылардың санасына, сезіміне, 
ерік-жігеріне жан жақты ықпал жасауды қамтиды.
Бұл әдістер оқушыларға сенімді қалыптастыруды және іс-әрекеттің бірлік 
принципін жүзеге асыруды көздейді. Бала жеке адам болып қалыптасу 
процесінде тек қана сыртқы әсер арқылы ғана емес, ішкі жан дүниесінің, жеке 
сананың әрекетінің ықпалы арқылы да дамып жетіледі. 
 
Т.Е.Конникова, 
Г.И.Щукина бойынша: 
1
. Тәрбиеленушілердің іс-
әрекетіндегі, қарым-
қатынасындағы, мінез-
құлқындағы жағымды 
тәжірибені қалыптастыру 
әдістері 
2. Жеке тұлғаның санасын 
қалыптастыру әдістері 
3. Мадақтау және жазалау 
әдістері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   303




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет