Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)



Pdf көрінісі
бет168/303
Дата10.12.2023
өлшемі8,71 Mb.
#136434
түріОқулық
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   303
Байланысты:
О улы Тараз 019 ож 37. (075) (1)

Педагогикалық жағдаят
әдісінің өзіндік мәні бар. Кез келген 
педагогикалық жағдаят ең алдымен шығармашылық әрекет болып есептеледі. 
Себебі ол көптеген педагогикалық сұрақтарды, шешімдерді таңдап алуды қажет 
етеді.
 
Қоғамдық пікір
. Тәрбиешінің балаларға қоятын талабы ең алдымен 
ұжымның талабы екендігін түсіндіру керек. Ал ұжымның талабы жалпы 
қоғамдық пікірдің көрінісі болып табылады. Сондықтан ұжым жағдайында іс - 
әрекетті ұйымдастыру және мінез-құлықты қалыптастыруда қоғамдық пікірді 
туғызу негізгі әдістің бірі болып табылады. 
Мінез-құлық пен іс-әрекетті ынталандыру әдістері.
Ынталандыру әдістері
 
оқушылардың қылықтары мен іс-әрекеттерін
қуаттау немесе айыптау, олардың жағымды қылықтарын мадақтау, ал теріс 
қылықтарын тежеу мақсатында қолданылады.
 
Мадақтау 
оқушылардың тәртібін, міне-құлқын бағалап және көтермелеп 
отыруда педагогикалық ықпал етудің тиімді жолы болып табылады. Мадақтау 
әдісі арқылы оқушы өзінің мінез-құлығының қандай болуы керектігін түсінеді, 
өзінің бойындағы жағымды мінез-құлықты дамытып, өз ісінің дұрыстығын 
көріп, өзіне сенімділігі артады. Мадақтаудың түрлері: мадақтау, мақұлдау, 
алғыс айту, мақтау, сыйлық беру. 
Жазалау 
баланың жағымсыз мінез-құлқы мен іс-әрекетінің теріс екендігін 
түсіндіру және оқушының ұжым алдында жасаған қылмысына айыпты екендігін 
ұғындыру және істеген теріс іске қынжылатындай мақсатын көздейді. 
Жарыс 
– мектеп жағдайында мінез-құлық пен іс-әрекетті ынталандыру 
әдісі. Жарыс әлеуметтік-психологиялық фактор ретінде жастардың бір- бірімен 
еңбектегі, спорттағы, өнердегі табыстарын көрсету үшін қолданылады. Жарыс 
оқушының іс-әрекетіне жаңа серпін, жаңа ой-сезім және баланың өзіне жаңа 
талап қоюына мүмкіндік туғызады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   303




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет