Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Сабаққа психологиялық талдау жүргізу



Pdf көрінісі
бет245/303
Дата10.12.2023
өлшемі8,71 Mb.
#136434
түріОқулық
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   303
Байланысты:
О улы Тараз 019 ож 37. (075) (1)

Сабаққа психологиялық талдау жүргізу: 
1.
Сабақ басталу алдында және сабақ барысындағы қатысушылардың 
психологиялық жағдайы (сабаққа дайындығы, жинақылық, көңіл-күй және оның 
себептері, сабақтың барысына орын алған көңіл- күйдің себептері). 
2.
Зейіннің дамуы, тұрақтылығы, зейінді аудару әдіс-тәсілдері және оның 
тұрақтылығын арттыру үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер. Зейіннің бөлінуі
жағдайында оның себептерін анықтау, арнайы не арнайы емес зейіннің пайда 
болуы. 
3.
Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту жаттығулары: сабақты 
ұйымдастыру барлық естің түрлерін дамытуға септігін тигізуі қажет.
4.
Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіру: проблемалық жағдаяттардан 
шыға алуы, жаңа білімді қолдана алуы. 
5.
Оқушылардың қабылдау процесін ұйымдастыру. 
6.
Қатысушыларды эмоциялық еліктіре білу, оқу процесі не бүкіл есеп 
ойлау іс-әрекетінің негізінде қалыптасады.
7.
Сабақ балалар ұжымына және баланың жеке басының дамуына ықпал 
етті ме? 
8.
Оқытушының жас ерекшелік жөнінде дегі білімі және психологиялық 
байланысы, оқытушы сабақ барысын қалай жүргізеді, педагогикалық такт. 
Сабақты талдау өзіндік талдаудан басталады. Сабақ талдауды соңынан, 
нәтижесінен бастайды. Сабақты талдауда мұғалім мен оқушының іс-әрекеттерін 
салыстыра отырып, үйлесімді көрсеткен жөн. Сабақты жүйелі талдау 
мұғалімнің шығармашылық өсуіне өз себебін тигізеді, сондықтан да сабақты 
талдауға үлкен мән берілуі қажет. 
Өзіндік талдау – мұғалімнен өз сабағын өзі талдауы. Өзіндік талдаусыз 
мұғалімнің белгілі бір табыстарға қол жеткізіп, оның шығармашылық биіктерге 
көтерілуі қиын. Педагог жаңаша жұмыс істеу және тұлға ретінде өзгеру 
қажеттілігін түсінген жағдайда, даму ешқандай кедергілерсіз алға жылжи алады. 
Рефлексия, өзіндік талдау – мұғалімнің өзіндік дамуын ілгері жылжытатын ең 
тиімді тәсіл. 


263 
Өзіндік талдаусыз озық тәжірибе мен ғылыми жетістіктерге сүйене отырып 
өз жұмысының сапасын жақсарту мүмкін емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   303




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет