Оқушыларды оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі формаларын шығармашылықпен қолдану мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің көрінісі ретінде. Сабақта оқушының оқу қызметін ұйымдастыру – бұл оқушы мен
мұғалімнің сырттай үйлесімді қызметі. Жеке жұмысты ұйымдастыру сабағында
әр оқушының өзіндік іс-әрекеті ескеріліп, оған арнаулы әзірліктер жасалып, оқу
мүмкіндіктері алдын-ала есепке алынады. Жеке жұмысты ұйымдастыру
барысында екі түрлі тапсырма орындалады: жеке және жекелендіру.
Біріншісінің ерекшелігі – оқушы алдымен барлық сыныпқа берілген
тапсырманы орындайды, басқа оқушымен қарым-катынасқа түспейді, бірақ
жұмыс қарқыны бәріне бірдей. Екіншісінің ерекшелігі – оқушы арнаулы
тапсырманы орындауда өзінің танымдық іс-әрекетін мөлшерлейді, атап айтсақ,
әр оқушы өзінің оқу қызметінің режиміне орай жұмыс қарқынын белгілейді.
Жеке жұмысты сабақтың барлық кезеңдерінде жүргізу тиімді және оны
бекітіп отыру көзделеді, мұның өзі оқушының бұрын меңгерген білімдерін,
қабілетін, дағдысын жетілдіріп отыруына ықпалы зор, сол секілді бақылау үшін
зерттеу әдісін меңгеруге жол ашады.
Топтық жұмысты оқушылардың оқу еңбегін ұйымдастыру негізінде құруға
төмендегілер жатады:
- оқу міндетін анықтау үшін сынып екі топқа бөлінеді;
- әр топ тапсырма орындайды, ол топ ішінен бөлініп шыққан топ басымен
немесе мұғалімнің басқаруымен өтеді;
- топтың енгізген жаңалығына орай тапсырмалар іріктеледі;
- топтың құрамы сабақтың мазмұныңа қарай өзгереді;
- ең жоғары деңгейдегі оқушының мүмкіндігін ескеру қарастырылады;
- топтың және құрамның әртүрлі деңгейіне қарай оқушылардың
қауымдастық құрамы сұрыпталады және мұның өзі оқушыларға байланысты.
Тақырып бойынша білімді тексеру мен бақылауға арналған тапсырмалар 1. Қазіргі сабаққа қойылатын талаптар.
2.Сабақтың типологиясы және құрылымы.
3.Сабақта оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың топтық, дербес,
фронтальды формалары.
4.Сабақты ұйымдастырудың дәстүрлі емес формалары.
5.Мұғалімнің сабаққа дайындалу жүйесі.
6. Сабақты талдаудың типологиясы мен түрлері.