Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)



Pdf көрінісі
бет247/303
Дата10.12.2023
өлшемі8,71 Mb.
#136434
түріОқулық
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   303
Байланысты:
О улы Тараз 019 ож 37. (075) (1)

 
 
 


264 
3.3.5 Оқыту әдістері 
 
Әдіс туралы жалпы түсінік. Оқытудың әдістері мен әдістемелік 
тәсілдері. Әдіс тұтас педагогикалық процестің компоненті ретінде. Оқыту 
әдістерінің атқаратын қызметі мен міндеттері. 
Әдіс – гректің «
metodos»
деген сөзінен алынған, ол зерттеу немесе таным 
жолы, табиғат құбылысын және әлеуметтік өмірдің жағдайын, құбылыстарды 
оқып білу жолдарын, әдістемелік-теориялық танымы мен шындықты бекітуді 
зерттейтін тәсіл. 
Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс 
орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін 
қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар 
ретке келтіріледі.
Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын 
дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытудағы ең басты 
нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді 
білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.
Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін 
сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, 
ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес 
қосады. 
Оқыту тәсілдерінің түрлері: 
-
ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері;
-
мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер;
-
оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер;
-
жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару тәсілдері. 
Сонымен тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістің 
жүзеге асуына көмектеседі. Оқыту әдістерінің басты қызметі – оқыту, 
ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру.
Оқыту құралдары – білім алу, іскерлікті жасау көзі. Олар: көрнекі 
құралдар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, техникалық оқыту құралдары, 
оқу кабинеттері, зертханалар, ЭЕМ және ТВ, интерактивті тақталар және т.б. 
Оқыту әдісін оқыту іс-әрекетіне байланысты дидактикалық құбылыстың 
мәндік өзара байланысын және олардың сапалы өзгерісін бір жүйеге келтіретін
таным процесі деп қарастыруға болады. 
Оқыту әдістеріне берілген ғалымдардың еңбектеріндегі анықтамалар: 
1. «
Оқыту әдістері
– оқытушы мен оқушылардың бірлесе жұмыс істеу 
барысында білім, іскерлік, дағды қалыптасып, оқушылардың дүниетанымы мен 
қабілеттерін арттыратын оқыту тәсілдері» (Педагогикалық энциклопедия). 
2. «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   303




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет