Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Білім беру – оқыту мен тәрбие жұмысын біріктіретін және жеке бастың  дамуына ықпал жасайтын процесс.  Гимназия



Pdf көрінісі
бет295/303
Дата10.12.2023
өлшемі8,71 Mb.
#136434
түріОқулық
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   303
Байланысты:
О улы Тараз 019 ож 37. (075) (1)

Білім беру
оқыту мен тәрбие жұмысын біріктіретін және жеке бастың 
дамуына ықпал жасайтын процесс. 
Гимназия 
– негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске 
асыратын, оқушыларды олардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес тереңдетіп, 
салаға бөліп, саралап оқытуды көздейтін, жалпы орта білім беретін оқу орны. 
Даму 
– жеке тұлға дамуының сандық және сапалық өзгерістерінің желісі 
мен нәтижесі; бір күйден екінші күйге өту процесі, ескі сапалық күйден жаңа 
сапалық күйге өту, қарапайымнан күрделіге өту, төменнен жоғарыға өту. 
Еңбек тәрбиесі
 
– еңбекке деген қатынасты, рухани және материалдық 
игілікті жасауға деген жеке тұлғаның әрекетін мақсатты қалыптастыру процесі. 
Жиынтық (суммативті) бағалау
бұл белгілі уақытта тақырыпты
тарауды үйрену соңында оқушының білім, білік, дағдылары мен 
құзыреттіліктері қалыптасу деңгейін анықтау.
Креативтілік 
(creatio латын тілінен тікелей аудармасы – «жасап шығару»; 
«жасырын күш»; «жасап шығаруға қабілеттілік».) – өнімді әрекет етуге дайын 
болу, жаңалық ашуға дайындығын көрсететін индивидтің тұлғалық сапасы. 
Индивидтің жоғары нәтижелерге жетуге деген тұрақты мотивтерінің болуы. 


316 
Критериалды бағалау
– оқу бағдарламасындағы күтілетін нәтижелерге 
жету мақсатында оқушылардың білім алудағы жеке даму жолына түзетулер 
енгізуге мүмкіндік беретін, оқушының оқу жетістігін алдын-ала нақты 
анықталған бағалау критерийлерімен сәйкестігін бағалау.
 
Қалыптасу
ішкі және сыртқы, басқарылатын және басқарылмайтын, 
барлық факторлардың ықпалымен адамның әлеуметтік тірі жан иесі ретінде 
дамып жетілуі. 
Құзіреттілік
алған білім,білік, тәжірибе, мінез- құлық тәсілдерін нақты 
жағдаятта, нақты іс- әрекет жағдайында жұмылдыру қабілеті. 
Менеджмент
бұл адамдардың ынтымақтастығы, өзара қарым-қатынас 
тәсілі, нәтижесі, адамның ішкі әлеуетіне бағытталған әкімшілік іскерліктің 
ерекше формасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   303




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет