78
Барлық уақытта педагогтар балалардың табиғаттан берген мүмкіндіктерін іске
асырып, жаңа салаларды қалыптастырудың тиімді жолдарын тауып,
оларға
көмектесумен келеді.
Әскери педагогика
–
Қарулы Күштердің әскери қызметшілерді оқыту мен
тәрбиелеудің заңдылықтарын зерттейтін педагогика саласы. Әскери педагогика
әскер жағдайында жеке құрамды әскер ісіне үйретуге, саяси санасын арттыруға,
олардың жоғарғы моральдық жауынгерлік қасиеттерін дамытып, нығайтуға
негізделеді. Әскери педагогика әртүрлі рангтағы әскери қызмет атқаратындарды
әскерге шақыру жасындағылардан бастап әскери
мамандықты игергендер мен
офицерлер құрамының тәрбиелік іс-әрекеттерінің тәрбиелік заңдылықтарын
зерттейді.
Жалпы педагогика
педагогикалық процесс
пен білім берудің негізгі
заңдылықтарын зерттейді.
Жас ерекшелік педагогика
(мектепке дейінгі, мектеп, ересектер
педагогикасы) анатомиялық және физиологиялық және әртүрлі
жастағы
топтардың психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық процесс пен
білім берудің ерекшелігін зерттейді.
Кәсіптік педагогика
– арнаулы
орта білім беру педагогикасы, жоғары
білім беру педагогикасы.
Кәсіптік педагогиканың пәні педагогикалық процесс
және жұмысшы кадрларын кәсіби және сонымен бірге әртүрлі
деңгейдегі
мамандарды даярлаудың заңдылықтары болып табылады. Бұл пәндерге
жұмысшыларда екінші, үшінші және т.б. мамандықтарды игеру бағытындағы
оқытудың заңдылықтарын зерттейтін өндірістік педагогика да жатады.
Достарыңызбен бөлісу: