Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Тәрбие – қоғамдық құбылыс



Pdf көрінісі
бет67/303
Дата10.12.2023
өлшемі8,71 Mb.
#136434
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   303
Байланысты:
О улы Тараз 019 ож 37. (075) (1)

Тәрбие – қоғамдық құбылыс
.
 
Қоғамның материалдық жағдайының өсуі, 
идеологиясының өзгеруімен байланысты тәрбиенің мақсат-міндеттері, мазмұны 
мен ұйымдастыру тәсілдері де толығып, жаңа жағдайға сәйкес жақсарып 
отырады. Тәрбие –
мақсатты процесс.
Тәрбие мақсаты айқын әрі нақты өмір 
жағдайына сай белгіленсе ғана өз нәтижесін дұрыс береді. 
Тәрбие – біртұтас процесс
.
Себебі тұлға жеке адам ретінде тәрбиеленеді. 
Тәрбие
ұзақ әрі күрделі процесс. Жеке адамның қалыптасуы бүтіндей бір ұзақ 
дәуірді қажет етеді. Екіншіден тәрбиелеу барысында қойылған мақсаттың 
нәтижесін көбінесе жуық арада байқауға болмайды. Өйткені әрбір жеке 
тұлғаның мінез-құлқында дара ерекшеліктері, қабілеттері, дүниетанымы 
бірыңғай қалыптасып дамымайды. 
Тәрбие – көпжақты процесс
.
Жасөспірімдерді азамат етіп тәрбиелеу
қоғамдық пайдалы еңбекке әзірлеу процесі қоғамның барлық азаматтарының 
міндеті; отбасы, мектеп пен жұртшылықпен бірлесіп атқаратын ортақ мақсаты. 
Тәрбие 
– адамдарда қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау 
мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық тарихи тәжірибені беру процесі.
Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдық құбылыс ретінде барлық 
тәрбие салаларын, атап айтсақ: отбасы, мектепке дейінгі мекеме, оқу-тәрбие 
орындары, еңбек ұжымы, ақпарат құралдары, баспа орындарын қамтиды. Кең 
мағынада: тәрбие – бүкіл сыртқы әсерлердің, адамды қоршап тұрған табиғи 
және әлеуметтік ортаның, тәрбиешілердің мақсатты іс-әрекеттерінің ықпалымен 
адамды қалыптастыру. Тар мағынада: тәрбие – жеке тәрбиелік міндетті 
шешуге, жеке адамның белгілі бір қасиетін қалыптастыруға, мысалы, 
эстетикалық талғамын тәрбиелеуге бағытталған жұмыс. Тәрбие жаңа ұрпақты 
өмірге, еңбекке дайындау арқылы қоғамның алға қарай дамуын қамтамасыз 
ететін процесс. 
Білім беру
– 
табиғат пен қоғам жайында жинақталған білім жүйесін жеке 
адамның меңгеруі және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуі. Білім беру - оқыту 
мен тәрбие жұмысын біріктіретін және жеке бастың дамуына ықпал жасайтын 
процесс. Білім беру 

оқыту мен тәрбие жұмысын біріктіретін және жеке 
бастың дамуына ықпал жасайтын процесс (38-сурет). 


75 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   303




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет