80
үстінде селқос, сылбыр болып, зейіні нашарлап, ойлау қабілеті төмендейді. Бұл
жағдай үлгермеушілікті туғызады.
Педагогиканың
медицинамен
байланысының нәтижесінде педагогикалық
білімдердің арнайы саласы коррекциялық (реттеуші) педагогика пайда болды.
Осыдан, өз дамуында тума немесе жасанды
ауытқуы бар балаларға білім
берудің тәсілдері анықталды. Педагогиканың бұл саласы медицина деректерін
пайдалана отырып, бала ағзасындағы кемшіліктердің орнын толтыру мен оның
қоғам өміріне толыққанды араласып кетуін жеңілдететін терапиялық құрал-
жабдықтар жүйесін түзіп, қолдануға келтірді.
Педагогика
экономика
ғылымымен байланысты. Себебі,
экономикалық
саясат қоғам білімін қамтамасыз етудің қажетті шарты. Осы ғылымдардың
байланысынан «Білім экономикасы» деген арнайы педагогика саласы дүниеге
келіп, білім беру аймағын реттестіруші экономикалық заңдылықтар ашылды,
олардың қоғамды сауаттандыруға байланысты ерекшеліктері зерделенді.
Педагогика
әлеуметтану
ғылымымен тығыз байланысты.
Жас ұрпақты
тәрбиелеу мәселесін қарастырғанда педагогика ғылымы әлеуметтік ортамен
тәрбие жайындағы мәліметтерді әлеуметтану ғылымы негізінде қарастырады.
Әлеуметтану – қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі
және даму заңдылықтары
туралы ғылым.
Педагогика ғылымы тәрбиеге байланысты
Достарыңызбен бөлісу: