Сурет-38. Педагогиканың негізгі категориялары Білім беру
– бұл ғылымдар жүйесінен білім алу және іскерлік пен дағдыны
қалыптастыру, адамның шығармашылық күші мен қабілетін дамыту процесі.
Табиғат пен қоғам жайында жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруі
және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуі.
Білім
беру
ұғымын
педагогика ғылымына тұңғыш енгізген И.Песталоцци .
Оқыту – білім берудің негізгі жолы. Оқыту
– екі жақты, біртекті процесс:
мұғалім оқушыларға білім беріп, іскерлік, дағдыға үйретеді; оқушы таным
міндеттерін жете түсініп, жаңа білімді, іскерлікті, дағдыны игереді және оларды
өмірде қолданады.
Педагогиканың жеке немесе қосалқы категорияларына «даму», «өзін-өзі
тәрбиелеу», «ептілік», «дағды», «қалыптасу», «жеке тұлға», «әлеуметтену»,
«қайта тәрбиелеу», «педагогикалық процесс», «іс-әрекет» ұғымдары жатады.
Жеке адамның дамуы – бұл ішкі және сыртқы, басқарылатын және
басқарылмайтын факторлардың ықпалымен жеке адамның қалыптасып жетілу
процесі. Жеке адамның дамуы мен жетілуінде мақсатты түрде жүргізілетін
тәрбие және оқыту шешуші рөл атқарады.
Даму – бұл процесс, жеке адам ағзасындағы сандық және сапалық
өзгерістердің нәтижесі.
Өзін-өзі тәрбиелеу – адамның саналы түрде, белгілі бір мақсат көздеп
өзінің бойына қалыптастыратын қасиет, мінез-құлық дағдысына бағытталған
жұмыс.
Өзін-өзі тәрбиелеу – адамның өзінің жеке басының қасиеттерін шыңдау,
жақсарту мақсатында бағытты, жүйелі, саналы іс-әрекеті.
Ал адамның білім алуы тек оқыту процесінің нәтижесі емес, оның білім
алуына көпшілік ақпарат құралдары – кино, радио, телехабар, ғаламтор және