32
Library тізімінде жоқ қолданушылар үшін мына электрондық пошта арқылы
http://nhscrd.york.ac.uk қолжетімді; сонымен қатар, ол медициналық көмек
көрсетудің экономикалық және технологиялық аспектілерін бағалауға
арналған зерттеулерді іздеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Үшінші тарау
- бақыланатын сынақ реестрі (Cochrane Сontrolled Trials
Registry - CCTR), Кокрандық әріптестіктің мүшелері әртүрлі ақпарат
көздерінен, сонымен қатар, MEDLINE және EMBASE/Excerpta Medica
библиографиялық базасында анықталған және үздіксіз толықтырылып
отыратын клиникалық сынақтардың тізімінен тұрады.
UpToDate
. UpToDate оқытудың өте үлкен базасы, тек электрондық түрде ғана
берілген, өйткені басылым түрде көлемі өте үлкен. Көптеген сайттар бар.
Мысалы: Атеросклероз орталығы т.б.
Мәліметтерді іздестірудің ескі әдістері:
•
анықтамалық;
•
әріптестен сұрау;
•
кітапханаға бару;
•
үлкендердің білімі, пікірі.
ДМ-нің 3-ші кезеңі. Мәліметтерді сынап бағалау.
Сынап (критикалық) бағалау үшін табылған мәліметтердің әдістемелік
сапасын бағалайтын критерийлердің стандартты жинағы қолданылады, сол
сияқты әртүрлі жұмыстардың (мәліметтердің) сенімділігі, нақтылығы,
қолданымдылығы, тиімділігі бағаланады. Нақтылықтың үш «негізі»:
Достарыңызбен бөлісу: