31
байланысты электронды ақпарат ресурстары жеке және жалпы сұрақтарға
жауап беретін маңызды дереккөзге айналды.
MEDLINE
. Бұл библиографиялық электрондық мәліметтер базасын АҚШ-
тың Мемлекеттік медициналық кітапханасы ұйымдастырған және мақұлдаған.
Ол арқылы нақты етіп құрастырылған клиникалық сұрақтарға тиімді жауап
алуға мүмкіндік туады.
Best Evidence.
Бұл мәліметтер базасында жеке клиникалық сұрақтарды
шешуге қажетті жүйелі шолулар мен түпнұсқа мақалаларды тез табуға болады.
Ол компакт-дисктерде, сонымен қатар, интернетте қолжетімді және алдын ала
өңделген ақпараттардан тұратын
ACP Journal Club
және
Evidence-Based
Medicine
журналдарының біріктірілген электрондық нұсқасынан тұрады. 2000
жылдың қаңтар айында Солтүстік, Оңтүстік және Орталық Америкада бұл
журналдар бір басылымға
ACP Journal Club
біріктірілген болатын; сол
уақыттан бастап
Evidence-Based Medicine
АҚШ-та шығарылмайды. Бұл
баспалардың редакция алқасы жоғары әдістемелік сапасымен және
клиникалық маңыздылығымен сипатталатын зерттеулерді 170 медициналық
журналда (әсіресе, кең тараған аурулар мен жағдайларды диагностикалау және
емдеуге арналған) үздіксіз және жүйелі түрде іздеу жүргізеді.
ACP Journal Club
және
Evidence-Based Medicine
құрамына жоғары сапалы
зерттеулердің құрастырылған рефераттары және алынған нәтижелерді
практикада қолданудың болашағын арнайы мамандардың талқылауы мен
сипаттамалары кіреді.
Best Evidence мәліметтер базасының Other articles noted («Басқа мақалалар»)
тақырыбында дәрігер жоғары әдістемелік сапалы зерттеулерден алынған,
бірақ онша сенімге ие емес мәліметтерді таба алады.
Cochrane Library. Кокрандық әріптестік`(Cochrane Collaboration) - бұл әртүрлі
медициналық іс-әрекеттердің қауіпсіздігін және тиімділігін бағалауға
арналған жүйелі шолуларды дайындау, жүргізу, тарату, сонымен қатар,
қажетті ақпараттарды іздеуді тез жүзеге асыратын электрондық мәліметтер
базасын дайындаумен айналысатын халықаралық ұйым. Бұл базаның
(Cochrane Library) құрамына емдеудің әртүрлі аспектілерін бағалауға арналған
ең басты РКИ-лердің жүйелі шолуы кіреді. Онда басқа зерттеулердің
нәтижелері (мысалы, болжам немесе диагностиканың жаңа әдістерін үйренуге
арналған) болмайды. Cochrane Library компакт-дисктерде және интернет
сайттарында жарыққа шығып отырады, әр тоқсан сайын жаңартылады және 3
негізгі тараудан құралған.
Достарыңызбен бөлісу: