29
ұмтылысын қадағалау керек. Сұрақтарды құрастыру әдісіне қосымша «білімді
жетілдіру рецепті» немесе «матрица» деп аталатын тәсіл бар. (3 кесте)
3 Кесте. Білімді жетілдіру рецепті
R білімді жетілдіру рецепті
Науқастың аты:
Оқушы:
Төрт бөлімнен тұратын клиникалық сұрақ
Нақты ауру
Іс-әрекет жасау:
Салыстыру:
Нәтиже:
Орындалу уақыты мен орны:
Студенттерді оқытудың алғашқы жылында біз сұрақ құрастырудың
«матрица» түрін қолданбадық, бұл студенттер құрастырған сұрақтардың
барлығы фондық болуына себеп болды. Сонымен қатар, студенттерде
нәтижені анықтауда қиындықтар туындады. Мысалы: студенттердің жиі
құрастыратын сұрақтарының түрі: маммография көмегімен сүт безі қатерлі
ісігін анықтау үшін скринингтің тиімділігі қандай? Құрастырылған сұраққа
қарасақ, онда PICO-ның 2 ғана компоненті бар: мәселе - сүт безінің қатерлі
ісігі, іс-әрекет - маммография көмегімен скрининг жүргізу. Бірақ нәтижені, іс-
әрекет нәтижесін бұл сұрақтан құрастыру мүмкін емес, тиімділікті бағалау
қиын екендігі анық. Сұрақты мынадай түрде құрастыру дұрыстау болады: сүт
безінің қатерлі ісігін ерте сатысында анықтау үшін, маммография арқылы
скрининг жүргізу мен өзін-өзі тексеруді салыстырғанда, анықтау пайызы
қандай? Келесі кезекте білімді жетілдіру рецептісін қолдану арқылы
студенттердің PICO-принципі бойынша сұрақ құрастыруы жеңілдеді.
Сонымен қатар, студенттерге PICO принципі бойынша клиникалық маңызды
сұрақтарды құрастыруды өлшенетін, саналатын нәтижелерден бастаған дұрыс
екендігін айту керек.
Достарыңызбен бөлісу: