Әрбір
парадигма «не үшін тәрбиелеу керек, оқушыларды қандай мақсатқа дайындау
керек,
не
үшін
өмір
сүреміз»
деген
сұрақтарға
жауап
береді.
Мәселен, дәстүрлі білімдік әдіс
-
тәсілдер
білім берудің басты мақсаты: «Білім, білім, қандай
жағдайда да тек білім». Мұнда өркениет пен мәдениетті ұрпақтан
-
ұрпаққа
жеткізу негізгі
мақсат болып саналады.
Бүгінгі тақырыбыма тұздық болып отырған білім беру процесіне қатысты жоғарыда
көрсетілген формалардың кейбіріне тоқталсам: Феноменологиялық немесе гуманистік әдіс
-
тәсілдер
жеке тұлғаның ішкі дүниесін дамыту, оны ерікті, рухани жеке адам ретінде тану
және адамдармен тіл табысуында ерекшелену қабілеттерін жетілдіру қарастырылады.
Білімнің гуманитарлық әдіс
-
тәсілдердің
діңгегі
-
оқушы емес, дайын білімді меңгерудегі
ақиқатты түсінуші адам. Мұнда оқушы мен мұғалім арасындағы қарым
-
қатынас:
ынтымақтастық, өзара жауапкершілік, өз позициясын еркін таңдау жағдайында диалогтік
ұстанымда өрбиді.
Ал, рационалдық әдіс
-
тәсілдерге
оқушыға білімнің түрлі тәсілдерінің тиімді
жақтарын, ортаға бейімделу,
оның ойы, сезімі және іс
-
әрекеттерімен санасу, оларды
меңгерту жатады
деп қарастыруға болады
.
Мұндағы басты қағида: «мектеп –
бұл фабрика, ал
оқушы –
оның шикізаты». Бұлай оқытудың негізгі әдістері –
тренинг, тестік бақылау,
жекелеп оқыту және мәтінді түзету. Ғылымды тәртіп тіліне аударған Америка педагогы
Р.Мейджер «Мұның бәрі оқушыны да, мұғалімді де дамытады. Егер мұғалім бәрін өзі
атқарса да, оқушы еншісіне үйлестіру мен бақылау қалады» дейді.
[1]
Елбасымыз өз халқына жолдауында «Білім беру реформасы –
Қазақстанның бәсекеге
қабілеттілігін
қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі. Бізге
экономикалық және қоғамдық қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі
қажет»деп атап көрсетті. Бала жанының бағбаны, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін
мұғалім әдепті, ой
-
өрісі кең, жан
-
жақты білімді, ұстамды, өз ойын шәкіртіне анық, дәл
жеткізетін болуы тиіс.
[2]
К. Д. Ушинский: «Мұғалім –
өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал
оқуды, ізденуді тоқтатқанымен оның мұғалімдігі де жойылады»,
-
деген.
Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін
түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс
-
әрекетке енуге және
жеке өміріндегі тәжірибені
жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен
потенциалдық
мүмкіндіктермен
келеді.
Сондықтан
олардың
функционалдық
сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру
үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық
процесс қажет. Басқаша айтқанда ересектерге арналған, жалпы және кәсіби білімнің
қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы адамдардың жалпы
мәдениеті мен әлеуметтік
белсенділікті дамытуға бағытталған танымдық іс
-
әрекетке
ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі жаңартылған білім беру әдіс
-
тәсілдері
«білікті адамға»
бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді.
Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру
-
оның философиялық ,
психологиялық,
педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.
Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген
жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.
Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы барысында
мұғалімдер мемлекеттік стандарт берілген нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен
меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде проблеманың шешімін таба алатын,
ақпараттық –
коммуникативті мәдениеті жоғары тұлғалық
-
дамытушылық функцияны
атқарады. Қазіргі заман адамның осы құзыреттілікті меңгере отырып тек «
кәсіби икемділігін
оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін «үнемі
оқып –
үйрену
және өзін
-
өзі жасау талабын қалыптастыра алады.
Жаңартылған білім беру әдіс
-
тәсілдерінің
өзгеруіне байланысты педагогикалық іс
-
әрекеттер де өзгерді.
Жаңа білім беру ісіне қатысты реформаларды іске асырушы,
199
орындаушы ұстаз қауымы.
Білім беруді жетілдірудің
парадигмасында оқу
-
жаңа білімді
іздену арқылы тәжірибеде қолдану. Мұндағы басты міндеттер:
-
Жалпы, өзіндік қабілеттер даму мүмкіндігі
.
-
Білім, білік, дағдыларды қалыптастыру
-
Қолдану
Бүгінгі күні көкейкесті болып отырған білімнің құзырлылық ұстанымын жүзеге асыру
құралы ретінде педагогикалық технологиялар мен белсенді
оқыту әдістерінің алар орны
ерекше. Әрекетке негізделген технологиялық оқыту танымдық белсенділігі жоғары, өмірде
әртүрлі мәселелерінен хабардар, кез келген тапсырманы орындауға қабілетті, қолынан іс
келетін (құзырлы) азаматтарды қалыптастырады.
Мұғалім мақсаты бүгінгі заман талабы, білімді, білікті, өздігінен тығырықтан шығар
жол таба білетін іскер адам тәрбиелеуді қажет етіп отырғандықтан, мектеп қабырғасында
жеткіншектердің жеке тұлға ретінде қалыптасуына
жағдай жасау.
Заманауи мектептердің мақсаты
-
жоғары білімді, шығармашыл адамның үйлесімді
тұлғаланып, дамуы үшін қолайлы білім беру кеңістігін жасау. Өз білімінің нәтижесінде
оқушы бойында сын тұғысынан ойлау, білімін шығармашылықпен пайдалана
білу,
зертеушілік
дағдылары, АКТ дағдылары, топта және жеке жұмыс істей білуі, тілдік
дағдылары, қойылған міндеттер мен күрделі мәселелерді шеше білу дағдылары қалыптасады.
Мектеп бағдарламасына кіріктірілген пәндерді енгізу оқушының жалпы дамуына және
тақырыпты
сабақта тереңірек зерттеп, әлем туралы тұтас ұғымының қалыптасуына септігін
тигізеді.
Пәнаралық байланыс негізінде кіріктіре оқыту идеясы Я.А.Коменскийден
басталады.Ұлы дидакт: «Бір
-
бірімен байланысы бар заттар, сол байланысты көрсетіле
отырып оқытылуы қажет»,
-
деген болатын. Қазіргі таңда кіріктірілген бағдарламалар оқу
-
тәрбие процесін технологияландырудың бірден
-
бір шарты болып табылады.
Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Яғни,
мұндағы бала өзі ізденуші, бір
-
біріне үйретуші, ал мұғалім бағыт беруші, нұсқаушы.
Жаңа бағдарламаның басты мақсаттарының бірі
-
баланың оқыта отырып, ой
еркіндігін,
белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға
дағдыландыру және критериалды бағалау жүйесін енгізді.[3]
Әйгілі
зерттеуші Л.С.Выготский: «Дәстүрлі оқыту
-
бала дамуына тек қондырғы
болып, дамуға стихиялы әсер етсе, яғни, «дамудың соңында жүрсе», жаңаша оқыту
-
«дамытуды өзімен бірге ала жүреді»,
-
деген болатын. Сондықтан, тек дәстүрлі оқытумен
шектеліп қалмай, мұғалім әрқашан ізденісте болып, өзіне және шәкірттеріне тиімді
жақтарын қарастырып отыруы тиіс.
Жаңа бағдарламаның өзгешелігі: бағалау жүйесінде, үш тілдік саясат,
сабақ
жоспарының құрлымы, әр сабақта әртүрлі стратегияларды қолдана отырып, сабақтың
сапасын арттыруға болатынын, оқушылардың мүмкіндіктерін шектемеуге, керісінше
зерттеп
-
зерделеуге мүмкіндіктер беру.
Аталған бағдарламаға сәйкес алынған тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізсеңіз,
баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын
қалыптастыруға ықпал етеді. Оқушылар оқудың қызықты жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп
жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын
баяндайды. Яғни, оқушы өз ой
-
пікірін
ашық еркін айтады, бір
-
бірін тыңдауға үйренеді
сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады.
Қорытындылай
келе, осы бағдарламаны меңгергенде ғана жан
-
жақты дамыған,
болашағы айқын, бағдары анық, бәсекеге қабілетті рухани бай тұлға қалыптастыра
алатынымызға
сенімім мол. Сондай
-
ақ, межелеген мақсатымызға жету үшін, яғни
жаңартылған білім беруді өз мәнінде жүзеге асыру үшін жаңа ізденістер мен тың идеялардың
қажеттілігін естен шығармағандығымыз жөн.
200