Егеменді елдің ертеңгі оқу
-
білімінің тереңдігімен өлшенеді.
Толассыз, үздіксіз
өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді үздіксіз дамытуды талап
етеді. Оқушыға белгілі бір дәрежеде білім берумен қатар оқуға, үйренуге деген
ынтасын арттыру әр ұстаздың басты міндеті. Сабақ барысында шәкірттің білімге
құштарлығын арттыру, өздігінен ойлау қабілетін жандандыру, жалпы оқушы бойында
жауапкершілік сезімін қалыптастыру –
ешқашан күн тәртібінен түспейтін мұғалімдерге
қойылатын басты
талаптардың
бірі.
Тереңнен толғасақ, Алаш зиялылары аумалы
-
төкпелі кезеңде, «қазақ халқы
келешекте жер бетінде өмір сүре ме?» деген сұрақ туындаған дәуірде өмір сүріп,
халқының болашағы үшін бастарын бәйгеге тікті. Алаш қайраткерлерінің қай
-
қайсы да
тілдің саяси, қоғамдық һәм рухани үлкен күш, ұлтты біріктіруші қуатты құбылыс
екендігін жақсы сезінді.
Сондықтан да Алаш сияқты аса ірі қозғалыстың руханиятында
қазақ тілі мәселесі ерекше орынға ие болды.
Қазақ тілінің жанашырлардың бірі Ә. Бөкейхановтың «Мұсылман съезі» атты
мақаласынан, оның ұлттық ана тілге деген махаббаты анық байқалады. Автор
мұсылман
съезінің заңындағы мекемелерде қағаз татарша
жазылсын деген шешімге
үзілді
-
кесілді қарсы шығып: «Біздің тілді қазақ жерін араламаған мұсылман
бауырларымыз қайдан білсін, біздің кітап жазып, газет, журнал шығара бастағанымызға
осы 3
-
4 жыл ғана арасында. Анық түрік затты халық тілі біздің қазақта», –
деп Абай,
Шәкәрім, Ахмет, Міржақып, Мағжан, т.б., барлығы 18 өлеңді мысалға
келтіріп –
«Осылардай ақыны бар, бір жерде тізе қосып отырған 5 миллион қазақтың тілі қалайша
жоқ болады. Ғұмыр жүзінде біздің қазақ тілі өз бәйгесін алар: Абай, Ахмет, Міржақып,
Шәкәрім, «Тарғыннан» һәм өзгелерден бұл көрініп тұр ғой», –
деп жазады [1.80 б].
Алаш Орданың бүгінгі қазақ педагогикасына, қазақтың қазіргі тұрмысына,
қазақтың болашағына тигізген үлесі орасан зор.
-
Біріншіден
,
Алаш азаматтары қазақ ғылымының
төлбасы әрі арнайы саласы
ретінде ең алғаш болып тілтану ғылымының іргетасын қалады.
-
Екіншіден
, Алаш қаламгерлері XIX ғасырдың ортасында алғашқы белгілері
байқалған ұлттық жазба әдебиетімізді жанрлық жағынан да, стильдік тұрғыдан да
қалыптастырды.
-
Үшіншіден
, Алаш зиялылары XX ғасырдың басында ұлт тәуелсіздігі мәселесін
көтере отырып,
ұлттың рухани
-
мәдени өрлеуіндегі, саяси ұйысуындағы асыл
қазынаның бірегейі тіл екендігін байыптады. Сөйтіп, олар тілді сақтау, дамыту,
қолданыс аясын кеңейту міндеттерін көтере келе,
қазақ тілінің саяси, қоғамдық,
әлеуметтік мәртебесіне ерекше мән берді. Ресей отаршылдығының саяси, әскери
қысымын ғана емес,
рухани өктемдігін сезген, көрген Алаш зиялылары тілді, ұлтты
сақтап қаларлық қуатты құрал деп қарады, бағалады, соған риясыз қызмет етті. Хандық
мемлекет тұсында тіл билік пен шешендіктің, көсемдіктің,
өне бойы отаршылдықта
өткен XIX ғасырда қарсылық пен сынның құралы болса, Алаш қозғалысы тұсында тілге
ең алғаш рет ұлтты тұтастырушылық ірі қызмет жүктелді. А.Байтұрсынұлы
«Өз
тілімен
сөйлескен
, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы
Достарыңызбен бөлісу: