Сборник Докладов «Исследование урока: опыт школ Казахстан»



Pdf көрінісі
бет176/191
Дата11.12.2023
өлшемі47,28 Mb.
#137253
түріСборник
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   191
Байланысты:
httpsold2.kspi.kzfilesarticles6-12-19-npk.pdf

құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің 
ең қуаттысы –
 
тіл»
-
деп ұлттық рухтың, болмыстың негізі де, арқауы да, тіл екендігін 
алғаш
аңғартты.
-
Төртіншіден
, Алаш қозғалысы тұсында шын мәніндегі ұлттық мазмұндағы
қазақ баспасөзі
қалыптасты.
-
Бесіншіден
, Алаш оқымыстыларының ғылыми және ғылыми
-
танымдық
еңбектері, әр салаларға арналған оқулықтары арқылы тіліміздің ғылыми және ғылыми

көпшілік стильдерін қалыптастырды.
277


-
Алтыншыдан
, Алаш қаламгерлерінің аударма саласындағы алуан еңбектерінің
нәтижесінде қазақ аудармасының негізі қаланды.
-
Жетіншіден
, Алаш қайраткерлері жалпылай келгенде, Алаш қозғалысының
барысында, негізінен алғанда, облыстық қазақ комитеттерінің, Алаш партиясының 
құрылуы тұсында, Бірінші, Екінші жалпықазақ съездері кезінде, Алашорда үкіметінің 
қызмет етуі кезеңінде тіліміздегі ресми
-
іскери стильді қалыптастыра бастады [3.5б].
Алаш Орданың жетекшілері Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы және 
Міржақып Дулатұлы бастаған бірнеше ұлт зиялыларынан тұрды.
Қазіргі педагогика, қазақ педагогикасы жайлы айтар болсақ, тәуелсіздік алған 
жылдар ішінде егемен еліміздің, қоғамымыздың әлеуметтік
-
саяси және басқа да 
салаларында түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Соның бірі 

білім беру саласы. Қай 
кезеңде болмасын жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру қоғам алдындағы ең маңызды, 
жауапты, іс болып қала береді. Сондықтан мемлекетіміздің даму, жаңару жолындағы 
жаңалықтары мен түрлі өзгерістері еліміздің білім беру саласынада өз әсерін тигізуде. 
Бүкіл әлемдік білім беру кеңістігіне ұмтылыстар, қоғам дамуындағы қалыптасып 
отырған жаңа жағдайлар, тыңнан туындаған мәселелер, өзгеріп жатқан өмірге 
бейімделу
қажеттігін туындатып отыр. Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» 
бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл 
білім беру жаңаша ұйымдастыру 

оның философиялық, психологиялық, педагогикалық 
негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Сондықтан 
бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа 
мазмұнын қамтамасыз ету міндеті
тұр.
Біздің ойымша, ең алдымен қазақ тілі барлық саладағы жетекші тілге айналуы 
керек. Сонда тіл жетіледі, ысылады, ұшталады. Кейде: «Қазақ тілі дамыған, оны
дамыту қажет емес, тек қолдану керек» деп жатамыз. Тіліміздің бай, икемді, бейнелі 
екендігін бәріміз білеміз. Дегенмен толық абсолютті дамыған тіл болмайды. Тарихтың 
әрбір
дәуірінде бұрыннан бар сөздердің жаңа ұғымдармен толығып, ауыспалы көркем 
мағыналар туып, солардың негізінде жаңғырып тұратыны белгілі. Сонымен бірге 
сөздердің өзара тіркесу мүмкіндігі артып, жаңа сөз тіркестері, оралымдар да жасалып 
жатады. Оны бүгінгі өмірімізден көріп отырмыз. Тілдің даму үдерісі тоқтамайды. Егер 
ол тоқтаса, ол тіл заман талабынан кенжелеп қалады. Тілдегі бұл үдерістердің 
туындауы, әлбетте, қоғамдық өзгерістермен тікелей байланысты. Шынында да, солай. 
Мұны сонау ХХ ғасырдың басында Алаш
зиялылары тереңнен
түсінген.
Қазіргі уақыттағы мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттері жайлы тоқталып 
кетуімізге болады. Педагогикалық іс
-
әрекеттің нәтижесінің табысты болуы мұғалімнің 
тұлғалық қасиеттерімен де тығыз байланысты болып келеді. Мұғалімнің қызметі өте 
күрделі, әрі көп салалы. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты бәсекеге қабілетті маман 
даярлау. Осы талапқа орай ізденімпаз оқытушының шығармашылығындағы ерекше
тұс
-
оның сабақты түрлендіріп, студенттің жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана
білу,
оны
қадір тұту, қастерлеу, арын таза ұстау 

әр оқытушының борышы. Ол өз
кәсібін,
өз
пәнін, барлық шәкіртін, оқу орнын шексіз сүйетін адам. Өзгермелі
қоғамдағы
жаңа
формация оқытушысы 

педагогикалық құралдардың барлығын
меңгерген,
тұрақты
өзін
-
өзі
жетілдіруге
талпынған,
рухани
дамыған,
шығармашыл
тұлға.
Нарық 
жағдайындағы оқытушыларға қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі,
білім
беру
сапасының жоғары болуы, кәсіби біліктілігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі[2.118
б].
Мұғалімнің маңызды қасиеттерін білдік, ал енді сабақты зерттеу әдісі дегеніміз 
не? Ең біріншіден, сабақты зерттеу әдісі, мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтерудің, 
білім жетілдірудің, тәжірибе алмасудың оңтайлы әдісі екендігі, екіншіден, 
оқушылардың білім сапасын арттырудың бірден бір жолы екендігі белгілі. Қай кезде де 
мұғалім мектептегі негізі тұлға болып қала бермек, себебі оқушы білімді өз
бетімен
278


меңгеруі үшін оған жетекшілік қызмет атқаратын мұғалім. Мұғалім тек өз сабағында өз 
шәкірттерін жетелеуші ғана емес, кәсіби құзіретті, жан
-
жақты білімді, заман ағымына 
сай жаңашыл болса, өз идеялары мен ой
-
мақсаттарын әріптестерінің де санасына 
сәуледей сіңіріп, еріксіз еліктіріп, соңынан ілестіріп көшбасшы бола алады. Сабақты 
зерттеу 

оқушыға саналы білім беруді көздеген бір мақсатқа жұмылған ұстаздар 
шеберханасы десек артық айтқандық емес [4. 3 б].
Мұғалімнің зерттеушілік қызметі арқылы оқытуды тәрбиемен ұштастыра 
жүргізуде Алаш зиялыларының ұлт ұшін атқарған қызметін байланыстыруға болады. 
Біріншіден, Алаш арыстары қалаған бейбіт күнді біз көріп жатырмыз. «Не жеймін, не 
киемін?» деген сұрақтар бізді ойландырмайды. Білім алу жолындағы барлық жағдай 
жасалған. Тек қана еріншектік пен жалқаулықтан арылып, өзімізге қажетті әрі сапалы 
білім алуға тиіспіз. Алаш арыстары аңсаған азаттықтың ақ таңын біз әр күн сайын
атырудамыз. «Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін» деп елінің келешегіне алаңдап өткен 
Алаш зиялыларның қайсыбірі болмасын ең жоғарғы атаққа лайық. Өкінішке орай, біз 
Алаш зиялылары дегенде, бірінші Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, 
Міржақып Дулатұлы сынды арыстарды ғана есімізге түсіре аламыз. Алаш үшін басын 
бәйгеге тіккен көп арыстарымыздың есімі әлі күнге дейін белгісіз. Ел үшін жасалған 
еңбекті ұмыт қалдырмау үшін. әрбір мұғалім өзіндік оқыту әдістемесі арқылы өз үлесін 
қосуы қажет. Ол үшін мұғалімнің
зерттеушілік қызметі қандай пәнде болмасын
сабақты зерттеу арқылы, оқушылардың оқуын дамытуына, және педагог ретінде кәсіби 
өсуіне жол
ашады.
Қазақтың мәдени
-
рухани дамуына тұңғыш болып үлес қосқан тұлғалар туралы 
не білеміз? Мұғалімнің зерттеушілік қызметі арқылы, қазақтан шыққан тұлғалар 
жайында қарастырып, олардың жасаған үлгі істерін жас ұрпаққа көрсете отырып, 
олардың бойындағы ел мен жердің тарихына деген сүйіспеншілігін оятуымыз керек. Ел 
мен жерін сүйген бала, түбі ел мен жер үшін қызмет ететін, ұлағатты ұрпақ болары 
сөзсіз. Ал, енді еліміздегі ең бірінші тұлғалар жайлы қысқаша тоқталып, оларды 
қалайша балаларға түсінікті әрі қызықты етіп сабақ өткізе аламыз? Біріншіден, олардың 
болашағына үлкен сеніммен қарау. Ұстаз бен шәкірт арасында тығыз байланыс болуы 
қажет.
Осы орайда 2019 жылдың 29 қазаны күні Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай 
мемлекеттік педагогикалық университетінің «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығының 
2-
курс студенттірі арасында Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығына
арналған «Ыбырай ізімен» атты интеллектуалды квест өткіздік.
Интеллектуалды квест барысында студенттер 2 топқа бөлінді: 
1 станция. «Кім тапқыр?»
Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет