етуші оқыту жолдары, тәсілдері жүргізілгені дұрыс. Осы орайда сабақты зерттеу тәсілі
талқыланатын болады.
Әлемдік деңгейде қолданылатын Lesson Study, яғни сабақты зерттеуге қысқаша
шолу жасайтын болсақ
,
бұл тәсіл ХІХ ғасырдың 70
-
ші жылдарында Жапонияда
тәжірибені жақсарту және жетілдіру мақсатында пайда болған. Сабақты зерттеу тәсілі
Макота Йошида Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбританияда жаңа тәсілдің
таныстырылымын жасағаннан кейін, Жапониядан тыс жерлерде 2007 жылдан бастап
танымал бола бастады. Аталған елдердің зерттеушілері жапондық ғалымдардың
халықаралық зерттеу аясында көрсетілген академиялық жоғары жетістіктеріне ықылас
танытты. Йошида бұл жетістік Сабақты зерттеу тәсілінің жапон мектептерінде кеңінен
қолданылуынан болып отыр дегенді алға тартады. Сондықтан
қазіргі кезде Шығыс
Азияның бірқатар елдерінде Сабақты зерттеу мұғалімдердің педагогикалық білімдері
мен тәжірибесін дамытуға арналған тиімді құрал ретінде белсенді енгізіліп жатыр [2].
Lesson Study-
ге шараны бірлесе жоспарлап, өткізетін, қадағалайтын, оқыту мен
оқуды талдай отырып, өз қорытындыларын қағаз бетіне түсіретін мұғалімдер тобы
қатысады. Lesson
Study
циклін өткізу кезінде мұғалімдер оқыту тәжірибесіне жаңа
әдістер енгізеді немесе оны жетілдіреді, кейін ашық Lesson Study өткізу немесе жұмыс
сипатталған құжатты жариялау арқылы әріптестеріне таратады. Батыста Lesson Study
америкалық зерттеушілер жапон мұғалімдерінің жалпы педагогика саласында да,
сондай
-
ақ АҚШ
-
тың оқушыларымен салыстырғанда
жапон оқушыларының білім
деңгейлері анағұрлым жоғары болуын қамтамасыз ететін белгілі бір пәнді оқыту
саласында да білімдері жоғары екендігін дәлелдегеннен кейін осы ғасырда ғана
танымал бола бастады (Stigler and Hiebert, 1999; TIMSS, 1999). Қазіргі уақытта Шығыс
Азияда Lesson Study Жапониямен қоса, Сингапурде, Гонконг пен Қытайда
қолданылады. Бұл тәсіл сонымен қатар батыс елдерде де, соның ішінде АҚШ
-
та,
Ұлыбританияда, Швецияда және Канадада қолданылуда. Lesson Study бастауыш және
орта мектептерде негізгі пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейін көтеру және
оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында, сонымен қатар оқыту үшін бағалау сияқты
тәжірибелік әдістерді әзірлеу мақсатында табысты
қолданылады
[3].
«Сабақты зерделеудің бағалау тәсілі: Лондон мектептерінде Сабақты зерттеудің
әсерін зерттеу» атты мақалада Ұлыбританияның Лондон қаласында жүргізілген арнайы
зерттеудің нәтижесін сабақты зерттеу тәсілінің тиімділігіне дәлел ретінде қарастырып,
оны былай баяндайды: «Бағалау Құралдары 133 мұғалім мен 33 мектептің қатысуымен
Лондондық мектептерде сабақтарды зерттеуге ықпал ету үшін бағдарламада
қолданылды. Бағалау әдіснамасы мектеп басшылығы, мұғалім және оқушы
деңгейіндегі нәтижелерді қамтыды. Ішкі және сыртқы валидтік мәселелері, сондай
-
ақ
күшті және әлсіз жақтары талқыланады. Нәтижелер мұғалімдердің педагогикалық
нәтижесіндегі өзгерістерді өлшеу және мұғалімдер үшін де, оқушылар үшін де сабақты
зерттеу циклдерінің нәтижесінде
сапалы өзгерістерді тіркеу үшін біздің шкаланың
болашағы зор пайдаланылғанын көрсетті. Студенттер үшін оқу нәтижесіндегі
өзгерістерді тіркеу үшін бақылау топтары мен сандық шараларды неғұрлым тиімді
пайдалануды қоса алғанда, осы әдіснаманы болашақ пайдалану және дамыту бойынша
ұсыныстар ұсынылды»
[4].
Lesson Study тәсілін пайдаланатын көптеген адамдардың айтуынша, зерттелетін
жекелеген оқушылардың оқудағы
қажеттіліктері мен мінез
-
құлықтарына назар
аударып, сол арқылы олар туралы көбірек біле отырып, біз өз
оқушыларымыздың
әрбіреуін анағұрлым жақсы тани бастаймыз. Демек, мықты және нашар оқушылардың
аралығындағы «орташа» сыныпты оқытуға қарағанда, Lesson Study мұғалімге өз
жұмысын болмашы ақпаратпен шамадан тыс жүктемей, барлығынан хабардар болып,
өмір бойғы
тәжірибесінде әрбір оқушының қажеттілігін ескеріп отыруға
мүмкіндік
282
Екінші LS
-
ті
бірлесіп
жоспарлау
1-LS-
ті
талқылау
және екінші
LS-
ті
жоспарлау
Оқушылар
мен
сұхбаттасу
Үшінші
LS-
ті
бірлесіп
жоспарлау
2-LS-
ті талқылау
және 3
-LS-
ті
жоспарлау
Енгізілуге тиісті
өзгеріс
-
терді
анықтау үшін LS
тобы
-
ның
бірінші отырысы
Бірінші LS
-
ті бірлесіп
жоспарлау
Бірінші
LS-
ті
өткізу,
қадағалау
Оқушылармен
сұхбаттасу
Екінші LS
-
ті
өткізу, қадағалау
Үшінші
LS-
ті
өткізу,
қадағалау
Оқушылар
мен
сұхбаттасу
Үшінші LS
-
ті талқылау
және
ортақ
қорытынды
жасау
Өз
нәтижелеріңізді
жазыңыз, ашық
зерттеу
жүргізіңіз
береді. Менің зерттеулерім (Dudley, 2011b) Lesson Study
-
дің рефлексивті, қайталамалы
және бірлескен тәжірибесі күрделі оқу ақпаратын іріктей алатын тәжірибелі ұстазға
екінші
дәрежелі ақпаратты елеп тастап, тек қажеттісін ғана іріктеп алуға
көмектесетіндігін көрсетіп отыр. Бұл оқу ақпаратының қадағаланатын оқуға тікелей
қатысты бөлігін ғана басқаруды қамтамасыз етеді, басқа жағдайда ақпараттың дәл осы
бөліктері қажетсіз болар еді. Lesson Study тәсілі мұғалімдерге олардың өмір бойғы
тәжірибесі тек жоғарыда аталған сүзгіні іске қосқанда ғана жетістіктікке жету мүмкін
болады дейтіндігіне қарамастан, оларға осы сүзгіні өшіріп тастауға үйренуге
көмектеседі.
Lesson Study тәсілі кем дегенде үш Lesson Study
-
ден тұратын циклден құралады,
ол сабақтарды мұғалімдер тобы бірлесіп жоспарлап, оқытып/қадағалайды және
талдайды
1-
сурет. Lesson Study циклдері (Дереккөз: Бетлехем университеті, «Оқытумен
оқудағы шеберлік орталығының» оқу құралы: Lesson Study, Dudley, Р. (2011)) [5].
Қазіргі таңда LS
-
ті қолданысқа енгізіп отырған мектептердің бірі Қостанай
облысының дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ
-
ИННОВАЦИЯ»
мектеп
-
лицей интернаты болып табылады. Осы лицейге арнайы келіп, сабақты зерттеу
тәсілін қолданып жатқандағы жұмыс барысын,
жоспарын, жұмылдырылған
мұғалімдердің саны мен 2019
-
2020 оқу жылының бірінші тоқсандық қорытындысы
бойынша оқу үлгерімі төмен болып, арнайы назарға алынған оқушылар саны, сондай
-
ақ
қолданысқа енгізгеннен бергі аз уақыттың ішіндегі нәтижелер туралы ақпарат алдым.
06.11.2019 жыл №2 педагогикалық кеңес қаулысы бойынша мектептің 2019
-
2020 оқу
жылындағы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша білім көрсеткішін талдау жасау
арқылы оқушылардың білім сапасын жетілдіруде, арттыруда сабақты зерттеу әдісін
жүйеге енгізу бойынша қаулы қабылдады. Оған жауапты топ құрылды. Ол топқа төрт
адам кіреді, олар: қазақ тілі, шет тілі, жаратылыстану
-
математикалық пәндер бойынша,
қоғамдық
-
гуманитарлық пәндер бойынша әдістемелік бірлестік жетекшілері кіреді.
Уақыты қаңтар
-
ақпан айына дейін осы топ зерттеу әдісінің қорытындысын осы топ
педагогикалық ұжым алдында жариялауға міндетті болады.
Лицейдің оқу ісі жөніндегі орынбасары баяндауына сәйкес алғашқыда ағымдағы
оқу жылының бірінші тоқсанында бір үштік немесе бірнеше үштік бағалары болған
оқушыларды таңдап, оларды жауапты топқа толықтай таныстырды. Сабақтарға
283
қатысып, жұмыс барысы қадағаланды. Әдістің тиімділігі не тиімді еместігі қаралды.
Сабаққа кірген жауапты топтың құрамындағы мұғалімдердің ойы бір арнаға
тоғысып,
сабақта белсенділік танытпай отырған оқушыны пән мұғаліміне ескерткен,
және пән
мұғалімі де жауапты топпен келісіп, белсенділік танытпаған оқушыны өзінің
практикасына енгізді. Кейін мұғалім қолданылған әдістің аз ғана уақыттың ішінде оң
нәтижесін
беріп, оқушының сабақта белсенділігінің артып, сабаққа деген
қызығушылығы оянғанын айтты.
Lesson study, яғни сабақты зерттеу
-
оқушылардың шығармашылық қабілеттерін
арттырып, өз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға, жүйелі білім алуға
жетелейді.
Достарыңызбен бөлісу: